Ректор сөзі

Құрметті студенттер мен сайт қонақтары!

 

Түпкілікті білімді қалыптастыратын сапалы білім беру алдымыздан үлкен мүмкіншіліктерді ашады. Қазіргі заманғы қоғамда сізді және сіздің біліміңізді қаншалықты талап етілетіндігі одан арғы қадамдарыңызға байланысты.

 Ел Президентінің көрегенді саясатының арқасында жеке білім беру ұйымдары жаһандық тенденцияларға сәйкес сұранысқа ие болды. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты нақты экономика мен өндірістік кәсіпорындардың жандануы мен қолдауы бойынша ҚР Президенті мен үкіметінің  саясатын жүзеге асыруға бағытталған аймақтағы жалғыз мемлекеттік емес жоғары оқу орны. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты «Атырау облысындағы индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына» сәйкес техникалық және басқа да профиль бойынша мамандарды даярлауға бағытталған.

 Біздің жоғары оқу орынды құру -  уақыт талабы және үлкен матриалдық салымдар мен тынымсыз еңбекті талап ететін өте күрделі үрдіс. Біз институтттың материалдық базасын дамыту бойынша зор жұмыстар атқардық. Институт жергілікті кәсіпорындар мен ынтымақтастығын артыра отырып, олардың талаптарына сәйкес мамандар даярлайды. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты алыс және жақын шетелдік жоғары оқу орындарымен оқытушылар және студенттердің академиялық ұтқырлығы бағдарламасы бойынша өзара тиімді ынтымақтастық дәстүрін табысты жүргізіп келеді.

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей адам капиталының өсуі елдің дамуын анықтаушы фактор болып табылады. Қазіргі жағдайда ұлт капиталын табиғи ресурстар ғана емес адам капиталы да құрайды. Сондықтан инновациялық даму азаматтардың адами сапасы мен ішкі мәдениетінің дамуы мен шығармашылығынсыз мүмкін емес.

Қазіргі уақыт талабына сай дамыған елдер қатарына ену үшін жан-жақты білімді, жігерлі, нақты өмір ұстанымы қалыптасқан жаңа форматтағы мамандар қажет. Заман талаптарына қоғам қажеттіліктері мен әлеуметтік сұраныстарға жауап беретін жан-жақты  маман – кадрлар, ел экономикасын жоғарлатып, азаматтардың сұранысымен қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының барлық қызметі студенттердің әлемдегі заман ағымына сәйкес жан-жақты білім алып, әлеуметті белсенді тұлға ретінде қалыптасуына арналған.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында білім алған жылдар, сіздің өміріңіздегі жарқын кезең ретінде естеріңізде қалып, армандарыңыз жүзеге асырылсын!

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтынан алған дипломыңыз, сіздің жарқын өміріңізге жолдама кепілі болсын. Сізге шығармашылық табыс, қол жетпес мансап тілеймін және білімнің қайнар көзі - Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын ұмытпаңыздар.

 

Ректор,

ф-м.ғ.д, профессор                                                                                Е.У.Ихсанов