Құрметті талапкер!

Міне, сенің өміріңде  маңызды кезең басталды. Орта мектепті бітіргеннен кейін көкейіңде кім болам деген сауалдың тұрары анық.

Қандай мамандық таңдауға болады? Біреулеріңіз өмірде кім болатынын, нені қалайтынын нақты таңдаса, ал біреулеріңіз бұл сауал туралы ойланбай жүресіздер. Алайда, нақты өмірлік жолыңды таңдайтын, шешім қабылдайтын кез келді.

Әлбетте, кәсіби табысқа жетуге жетейтін жоғары оқу орнында алған сапалы білімің болып табылады. Өз таңдауында түлектердің басты мақсаты мен көздеген межесі  - білім ордасындағы қазіргі заманғы технологиялар, білікті ұстаздар әлеуетті материалды – техникалық базасы болуы тиіс.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты осы мақсаттар үдесінен шығуда.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты – аймағымыздың қазіргі заманғы жоғары оқу орындарының бірі. Білім ордасында ғылым, техника, мәдениет салаларындағы озық идеялар, маңызды жаңалықтар жүзеге асырылады.

Білімі терең студентке – болашақ өмірдің әр саласында, ғылымда да, бизнесте де, мемлекеттік қызметте сұраныс болады. Біздің институт үнемі даму үстінде және перспективалы бәсекелестікке қабілетті мамандар тәрбиелеуде жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

Институт түлектері өңірімізге және республикамыздың басқа облыстарында да табысты қызмет етуде. Қазір көптеген жұмыс берушілер үшін мамандарға берілген АИГИ дипломы маңызды дәлел болып табылады.

Бұл  - ең алдымен институттың профессор-оқытушылар құрамының өлшеусіз еңбегінің дәлелі.

Құрметті талапкер! Келешек мамандығыңа басқан қадамыңды берік және сенімді аттауыңа тілектеспін!

Біздің институтымыздың есігі Сіздерге әрдайым ашық!

 

Құрметпен,

Институт ректоры,

ф-м.ғ.д., профессор Е.У.Ихсанов