Құрметті әріптестер, аяулы аналар, арулар!

Сіздерді көктемнің алғашқы шуақты да нұрлы мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қоғамымыздың гүлденіп, өсіп-өніп, өркендеуінде сіңірген еңбектеріңіз орасан зор. Әрдайым біздің әлемдегі сұлулықтың, көркемдіктің, тәрбиеліліктің, жылулықтың символы  Сіздерсіздер!

Сіздерге баянды бақыт, бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар тілеймін!

Көктемгі мереке шуағы - жағымды жаңалықтар мен  өзгерістердің, қуанышты кездесулер мен оқиғалардың бастауы болып, қызметіңіз жасампаздыққа, отбасыңыз татулық пен ырыс-берекеге толғай!

Еліміздің келешегі әрқашан жарқын, бүгінгісі мен ертеңі бейбіт өмір болсын деп тілеймін!

 

МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

 

Игі тілекпен: институт ректоры Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы.