Жаңа жыл құтты болсын!

Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саяси реформаларының арқасында биылғы  жыл елімізге, өзіміздің Атырау өңіріне, соның ішінде институт ұжымына да табысты да қолайлы, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды.

Еліміздегі, өзіміздің Атырау өңіріндегі, институтымыздың қабырғасындағы осы қарқынды жұмыс пен тұрақты даму, келер жылы да өз жалғасын табады деген ойдамын.

Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады.

Әрқайсымыз үшін Жаңа жыл – жаңа үміт, мақсаттар, болашаққа бастар жаңа жоспарлар.

Келер 2016 жыл қызметтеріңізде жаңа жетістіктер мен үлкен кәсіби табыстар әкелсін!

Бұл жыл жағымды жаңалықтар мен  өзгерістердің, қуанышты кездесулер мен оқиғалар бастауы болсын , әрбір шаңыраққа бақыт, бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар сыйласын деп тілеймін!

Келер жыл өмірімізді татулыққа, қызметімізді жасампаздыққа, отбасымызды ырыс-берекеге толтырғай! Еліміздің келешегі әрқашан жарқын, бүгінгісі мен ертеңі бейбіт өмір, тыныштық болсын деп тілеймін!

Жаңа жылда үлкен табыстар, зор жетістіктер, қуаныштар, мықты денсаулық тілеймін!

Жаңа жыл құтты болсын!

 

Игі тілекпен: институт ректоры Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы.