Ұлыстың ұлы күні Әз Наурыз мерекесі құтты болсын!

Барлығыңызды ұлттық, төл мерекеміз, жыл басы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен  құттықтаймын!

Наурыз мерекесі – Орта азия халықтарында 5 мың жылдан бері тойланып келе жатырған әлемнің ең көне мерекелерінің бірі.

Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез.

Наурыз - шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің,  бақыттың мерекесі, ұлы науқан. Бұл -ізгі тілек айту, құттықтау, кешірімділік көрсету, бір-бірімен табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс табатын жарқын күн, ізгі мереке. Бұның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көрегенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды.

Ежелгі жыл санағы бойынша, 22-наурызда күн мен түн теңеседі. Бұл қалың қыстың көбесі сейіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат – әлем көгеріп, көктейтін шақ..

Наурыз мерекесі қазақ халқы үшін – өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, шығыс халықтарын бір-бірімен табыстыратын қасиетті мейрам! «Бірлік болмай, тірлік болмас», деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Наурыз еліміздің баянды бірлігі мен ұйыған татулығының мерекесі.

Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.

Ендеше көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні Әз Наурыз мерекесі  тағы да құтты болсын!

Еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, Ұлыстың ұлы күні аталған Наурыз елімізге есігін қуанышпен ашып, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін деп шын жүректен тілеймін!

 

Институт ректоры Ихсанов Е.У.