Ректорат

Ректор кеңесшісі

Хасанова Жәмиляш Садыққызы – педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының халыққа білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері.

1995 жылы жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

2009 жылы білім бизнес проблемалары бойынша докторлық диссертациясын қорғады.

Халықаралық және республикалық басылымдарда 45 тен артық ғылыми мақалалары, монографиялар, әдістемелік нұсқаулар жарық көрген.

 

Бірінші проректор

Мұхтаров Мұстахим Харенұлы – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор. 2007 жылы жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Халықаралық және республикалық басылымдарда 20-дан астам ғылыми мақалалары, әдістемелік нұсқаулар жарық көрген.

 

 

 

 

Оқу – әдістемелік жұмыстар бойынша проректор

Сүлейменова Жанаргүл Оразқызы - экономика ғылымдарының кандидаты. 1997ж. Атырау университеті мұнай және газ Институтының «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент» мамандығын аяқтады.

2006ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Экономика және халық шаруашылығын басқару (қызмет салалары бойынша) кандидаттық диссертациясын қорғады.

Еңбек қызметі:

10.1997ж. – Атырау мұнай және газ институтының «Экономика, ұйымдастыру және өндірісті басқару» кафедрасының стажер-оқытушысы 

09.1998ж. – АтМГИ «МХКМГ Экономика»  кафедрасының оқытушысы 

10.2000ж. – АтМГИ  «МГК Экономика» кафедрасының  аға оқытушысы 

09.2005ж. – АтМГИ «Экономика және менеджмент» кафедрасының доценті 

09.2006ж. – АтМГИ оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша факультет деканының орынбасары 

02.2010ж. – АтМГИ оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі 

04.2011ж. – АтМГИ офис-регистратор директоры 

09.2012ж. – АтМГИ оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімінің бастығы

03.2015ж. – АтМГИ оқу-әдістемелік басқармасы бастығының орынбасары 

09.2015ж. – Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша проректоры.

 

Ғылым, халықаралық байланыстар жəне тəрбие ісі жөніндегі проректор

Жаулин Киікбай Мыңбайұлы – саяси ғылымдар докторы, профессор. 1983-1990 жылы Гурьев педагогикалық институтының тарих-филология факультетіне оқуға түсіп, тарих және кұқық негіздері  мамандығы,  2000-2003 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, заңгер мамандығы бойынша білім алған.

1997 жылы академик Манаш Қозыбаевтың жетекшілігімен «Батыс Қазақстандағы шаруа қожалықтарын ұжымдастыру және 1932-1933 жылдардағы ашаршылық» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 2009 жылы саяси ғылымдарының докторы, профессор Сайын Молдағалиұлы Борбасовтың жетекшілігімен «Саяси тұрғыдан  жаңару - Қазақстан Республикасы тұрақты дамуының шарты ретінде: политологиялық талдау» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

1989-1994 жылдары студенттер арасынан алғашқы Гурьев қалалық кеңесінің депутаты, 1994-1999 жылдары Атырау қалалық маслихат депутаттығына баламалы түрде депутат болып сайланып, Жастар ісі, ұлт, мәдениет, халыққа білім беру және тарихи  мұра жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болды.

1998 жылы Жоғарғы аттестациялық комиссияның шешімімен доцент атағы, 2011 жылы Жоғарғы аттестациялық комиссияның шешімімен профессор атағы  бекітілді.

Қазақстан мұнайының 100 жылдығы мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған  медалімен, Қазақстан Республикасы  Президентінің алғыс хатымен, "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталған.

Халықаралық және республикалық басылымдарда 100-ге тарта ғылыми мақалалары, 4 монографиялық  еңбегі  және  2 оқу-әдістемелік  құралдары жарық көрді.

 Білім, ғылым және мемлекеттік қызмет орындарында еңбек етіп келеді.

 

Әкімшілік - шаруашылық ісі жөніндегі проректор

Умаров Батыр Даньялович –  техникалық ғылымдар кандидаты, доцент.

1953ж. Астрахань облысы Харабали селосында дүниеге келді.

1979ж. Батыс Қазақстан, Орал қаласының Ауыл шаруашылығы институтының механикалық факультетінің бітірді.

1979-1995ж. аралығында Атырау ауылшаруашылығының техникумында оқытушы қызметің атқарды.

1995-2007 жж. жылдары Атырау Мұнай және Газ Институтында

Шаруашылық ұйымдастыру бөлімінің проректорының қызметің атқарды.

2005 жылы, Д 14.50.03. ГГКП «Исследование эксплуатационных свойств масляных фракции нефтей Западного Казахстана» кандидатық  АМжГ институтының диссертациялық кенесінде сәтті қорғады.

Умаров Б.Д. 10 астам ғылыми мақалалары және оқу-әдістемелікжұмыстарының авторы.

1996ж. Елімізге аянбаған еңбегі және көрсеткіштері үшін оқу-ғылым, өндірістік еңбектері және ҚР Мұнай өндірісінің 100 жылдығына байланысты ғылыми министрлігі ҚР-ң жоғары білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2000 ж  ерекше еңбегі үшін ҚР-ң білім бөлімінің «ҚР –ң білім үздігі» деген төс белгісімен марапатталған.