Ғылыми кеңес

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Ғылыми кеңесі туралы ереже. 

Ғылыми кеңес өз жұмысында төмендегілерді басшылыққа алады: Қазақстан Республикасының «Білім туралы » Заңдарын, «ҚР еңбек туралы» заңын, «ЖОО-ң қызметтерін ұйымдастыру тәртібінің» типтік  ережесін, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің  және Үкімет қаулылары, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Жарғысын, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ішкі тәртіп Ережелерін.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Ғылыми кеңесі алқалық басқару органы болып табылады.

Ғылыми кеңестің негізгі міндеті мамандардың кәсіби дайындықтары мен біліктіліктерін, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің дамуы мен институттың материалдық-техникалық базасының нығаюын арттыру мақсатына бағытталған институт ұжымының әрекетін біріктіру болып табылады.

Ғылыми кеңес институт ректорының бұйрығымен құрылады және өз жұмысын тоқтатады.

Институт  басшылығы Ғылыми кеңес пен ғалым хатшы қызметтері үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Ғылыми хатшы жұмысына арнап кабинет, оргтехника, құжаттарды сақтауға арналған шкафтар береді. 

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Ғылыми кеңесі институт қызметінің күрделі мәселелерін алқалық қарастыруға арналған ұсынушы орган болып табылады.

Ғылыми кеңестің бірінші құрамы  институт ұжымының жалпы жиналысында ашық дауыс беру арқылы сайланады. Егер де жиналысқа қатысқандардың жартысынан көбі құрамға дауыс берсе, Ғылыми кеңес сайланды деп есептелінеді.

Ғылыми кеңестің жеделдетілген қайта сайлауы оның құрамының жартысынан аз емес мүшелердің талап етулері бойынша жүргізіледі. 

Ғылыми кеңес құрамына лауазымы бойынша кіретіндер: - ректор – Ғылыми кеңес төрағасы, бірінші проректор, ғылыми хатшы, проректорлар, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, институттың  қызметкерлер кәсіподағының төрағасы, жастар ұйымының төрағасы, Қазақстан Студенттер Альянсы Атырау өкілдігінің көшбасшысы, Ғылыми кеңестің қалған мүшелерін жетекші оқытушылар, белсенді студенттер қатарынан сайлайды;

Ғылыми кеңестің персоналдық қызметі ректор бұйрығымен бекітіледі.

Ғылыми кеңес мүшелері өз өкілеттік мерзімдері біткенге дейін кеңестен кеткен  жағдайда құрамды толықтыру қалыптасқан тәртіпте жүргізіледі.

Ғылыми кеңестің қызметі Институт Жарғысымен осы Ережеде қарастырылған тәртіпте іске асады. 

Ғылыми кеңес мәжілісі бір айда бір реттен кем өткізілмейді. Мәжілістің өткізілетіні туралы ұжымға күні бұрын хабарланады. Мәжіліс материалдарын (шешім жобалары, сөйлейтін сөз тезистері, анықтамалық құжаттар және т.б.) күн  тәртібі мәселесінің дайындығына тікелей жауап беретін тұлға дайындайды. Мәжіліс Ғылыми кеңес төрағасының басшылығымен өткізіледі. Ғылыми кеңес мүшелерінің қатысуы келу парағына жазылып отырады. 

Ғылыми кеңес шешімі ашық немесе құпия дауыс беру арқылы қабылданады. Ғылыми кеңес шешімі оның 2/3 құрамы мәжіліске қатысқанда кворум бар болғанда өкілетті болады.  

Профессор – оқытушылар құрамының орнын басу конкурстарына іріктеп алу, декандар мен кафедра меңгерушілерін сайлауды өткізу, профессор және доцент ғылыми атағын беру кезінде шешім кворум болған жағдайда белгіленген тәртіппен құпия дауыс беру арқылы өткізіледі.

Құпия дауыс беру үшін санақ комиссиясы (үш адамнан кем болмайды) сайланады. Комиссия құрамының көпшілігі Ғылыми кеңес мүшелерінен тұрады. Құпия дауыс беруге тек қана  комиссияның дайындалған бюллетендерін алған, мәжіліске қатынасқан Ғылыми кеңес мүшелері қатыса алады. Санақ комиссиясының мүшелері жәшікті ашып бюллетендерді санайды және хаттаманы дауыс берудің қорытындысы бойынша ресімдейді. Хаттаманы ресімдегеннен кейін санақ комиссиясы бюллетендерді таңбалайды және оларды өз хаттамаларына тіркейді. Қарапайым көпшілік дауыспен Ғылыми кеңес санақ комиссиясының хаттамаларын бекітеді. 

Ғылыми кеңестің барлық мәжілісі хаттамаланады. Хаттамаларды ғылыми хатшы жүргізеді. Хаттаманы келісілгеннен кейін ректор бекітеді.

Хаттама бекітілгеннен кейін өз күшіне енеді. Хаттама көшірмелері ресімделіп, қажетті жағдайда мүдделі жақтарға жіберіледі.

Қабылданған шешімдерді бақылау Ғылыми кеңес мәжілісінде орындаушылар есебі мен шешімінің орындалу барысы туралы ғылыми хатшының жыл сайынғы есебін тыңдау арқылы жүзеге асырылады.

Ғылыми кеңес төмендегі міндеттерді орындайды:

· институт қызметін реттейтін нормативтік актілерді қабылдау және оларға өзгерту мен толықтырулар енгізуге;

· ұйымдық және басқару құрылымының өзгеру мәселелерін шешу, институттың ассоциацияға кіруге (одақ);

· институттың білім беру қызметі, әлеуметтік – экономикалық, қаржы – шаруашылық қызметінің болашағын, материалдық – техникалық даму бағытын анықтауға;

· факультеттер, кафедралар, сонымен қатар институттың басқа да құрылымдық бөлімдерін құру, қайта құру және жабу мәселелерін шешуге;

· жоғары кәсіби білім берудің көп сатылы жүйесі бойынша мамандар дайындаудағы жаңа бағыттарды анықтау, оқу мерзімі мен формасын белгілеуге;

· мамандық пен мамандандырудың білім беру бағдарламаларын, баспа қызметінің жоспарларын бекіту тәртібін қабылдауға;

· оқу үрдісін, ғылыми зерттеулерді, халықаралық байланыстар мен шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудағы ең күрделі мәселелер шешімін қабылдауға;

· негізгі әлеуметтік – экономикалық сұрақтар бойынша шешімдер қабылдауға;

· институт қызметіне байланысты басқа да мәселелерді қарастыруға;

· оқу, әдістемелік, ғылыми қызметтер мен тәрбие жұмыстарының стратегиясын анықтауға;

Ғылыми кеңес қызметі мен құрамы анықталған, үнемі және уақытша әрекет етуші комиссияларды құра алады.

Ғылыми кеңес институттың әкімшілік және құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстар есебімен жыл сайын өз жұмысының жоспарын қабылдайды. Жұмыс жоспарын ректор бекітеді. Күн тәртібіндегі жоспарланған мәселелерден басқа төраға, Ғылыми кеңес мүшелері, бөлім басшыларының бастамасы бойынша жоспардан тыс мәселелер де қарастырылады. Күн тәртібіне басқа мәселелердің қосылуы туралы шешімді төраға қабылдайды. 

Ғылыми кеңес құқылы:

· институт Жарғысының жобасы мен ішкі тәртіп ережесін қарастырады. Оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;

· институттың проректорлар, декандар, құрылымдық бөлім басшыларының қызметі туралы ректордың жыл сайынғы есебін талқылауға және бекітуге;

· өкіметтік наградалар, ғылыми және құрметті атақтарды, мадақтау туралы қолдау хаттарды беруге ұсыныс қабылдауға;

· «Құрметті профессор», «Құрметті ректор», «Құрметті декан», «Құрметті кафедра меңгерушісі», «Академиялық доцент», «Академиялық профессор» атақтарын АИГИ ғалымдарына, қызметкерлеріне, қоғамдық – саяси және мемлекеттік қайраткерлерлігін беруге.