Кітапхана

DSC05669.JPG
DSC05664.JPG
DSC05662.JPG
DSC05583.JPG
DSC05580.JPG
DSC05581.JPG
DSC05574.JPG

 

КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІ

 

Елбасының «Қазақстан -2030» бағдарламасында «ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ,ертеңгі ел азаматтарына  білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспеттес. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. ХХІ ғасырда кітапхана саласын дамыту тек республика ішінде ғана емес, халықаралық кітапханамен байланыс орнату, пайдаланушыларға  сапалы қызмет көрсету,жаңа технология,бағдарламаларды енгізу,кітапхана қорын насихаттау,ақпараттық ресурстарды құру және сақтау – бұл жаңа бағытта жұмыс істеуді талап етеді.

Кітапхана саласында қолданып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, элекрондық ресурстар,пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары,кітапхана қорларын сақтау-бұл бүгінгі күннің белгісі.

 

Кітапхананың стратегиялық басымдықтары:

  1. Кітап қорын толықтыру және олардың сақталымын қамтамасыз ету;
  2. Сапалы кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;
  3. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту.

 

Ақпарат ғасырында білім қоғамына өту алдында Жоғары оқу орнының ақпараттық қормен қамтамасыз етілуі – заманауи танымдық  рухани, саяси экономикалық бірден –бір қажеттілік. Өйткені, оқу ордаларының оқу,ғылым,тәрбие бағыттарында сапалы білім бере отырып, ақпараттық және құқықтық мәдениетті қалыптастыру, рухани тәрбие және адамгершілікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, экологиялық сананы қалыптастыру және өз туған өлке шежіресін таныта білу тұрғысындағы отандық ортақ міндеттерді бірігіп шеше отырып,кәсіби маман, білікті тұлға даярлауда да кітапхананың атқаратын маңызы зор.

Жалпы институт кітапханасы – оқу-тәрбие үрдісіндегі кітапхана қорын қалыптастыру, қорды игеру және пайдалану процестеріне қатысты Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2013 жылғы 28 тамызындағы №195 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарының білім алушыларын» оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы, кітапхана қорының түзілуі туралы нұсқаулықтарын, нормативтік- құқықтық актілерін , институт кітапханасы туралы ережелерді басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды

Сапалы білім берудің маңызды көрсеткіштерінің бірі ақпараттық қамтамасыз ету деңгейі (кітапханалық, оқу-әдістемелік, ақпараттық) болып табылады. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының   кітапханасының қоры  ЖОО қызметінің негізгі бағыттары бойынша оқу-тәрбиелік үрдісін, ғылыми – зерттеу жұмыстарын қамтамасыз етуге бағытталған. Оқырмандардың негізгі контингентін профессор - оқытушылар құрамы мен студенттер құрайды.

 

Институт кітапхана кешенінің құрамы:

  • Кітапхана-ақпараттық қорды автоматтандыру бөлімі;
  • Кітап қорын сақтау бөлімі;
  • Пайдалушыларға қызмет көрсету бөлімі:
  • 3 абонемент;
  • 1 электронды зал;
  • 3 оқу залы

Кітап қорының көлемі мамандықтардың бағдарына сәйкес құрастырылған. Кітапхананың жалпыға бірыңғай қоры оқу басылымдарының, оқу-әдістемелік, ғылыми-техникалық, көркем, анықтама-ақпараттық әдебиеттердің  әртүрлі түрлерінен тұрады.

Қорды негізгі оқу әдебиеттерімен толықтыру ҚР 5.04.01-2011 Мемл.ст. білім бағдарламалары мен талаптарының бағдарына сәйкес жүргізіледі. Сатып алынатын оқу әдебиетінің даналығы кітаптармен қамтамасыз ету  нормасымен анықталады. Оқу әдебиеттерін қамтамасыз ету кезінде таңдаудың басымдылығына ҚР БҒМ және  ОӘБ грифі бар басылымдар жатады. Оқу әдебиетінің қоры университетте оқытылатын барлық пәндер бойынша жергілікті және шетел басылымдарының жинағы, пәндердің тәжірибелік бөлігі, зертханалық жұмыстар, теориялық курстарды меңгеруге және студенттердің арнайы пәндер бойынша курстық және  дипломдық жобаларын меңгеруге арналған.

 

Мерзімді  басылымдар қызметі кітапхана оқырмандарын Қазақстандық және Ресейлік мерзімді және жалғасты басылымдармен қамтамасыз етеді.

 

ОҚЫРМАНДАРҒА ЕКІ ТӘРТІПТЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ:

  • ОҚЫРМАНДАРҒА ҚАЖЕТТІ МЕРЗІМДІ БАСЛЫМДАРДЫ ӨЗ ЕРКІМЕН ІЗДЕУГЕ ЖӘНЕ ТАҢДАУҒА АШЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІК.
  • ҚОРЛАРДЫ САҚТАУ ҚОРЫНАН ТАПСЫРЫСТАР ОРЫНДАУ.

Оқу залында тұрақты тақырыптық көрмесі және жаңа түскен басылымдар көрмесі ұйымдастырылған.

Кафедралар мен кітапхана бөлімшелерінің сұранысы бойынша жыл сайын кезеңді басылымдар қазақ, орыс және шетел тілінде  толықтырылып отырады. Ғылыми әдебиет қоры АИГИ ғалымдарының еңбектерімен ұсынылған, олар: монографиялар, ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялар материалдарының жинақтары. Кітапхана қорында жоғарғы оқу орындарының ғылыми журналдары бар: ҚазҰУ Хабаршысы, Математика, Механика, Информатика  сериясы, тарихи серия, Шығыстану сериясы, Новосибирск университетітің Хабаршысы.

Институт кітапханасында өз электрондық кітапханасы құрылған және онда білім беру қорының бірнеше  түрі ұсынылған. Бұлар – оқулықтар, оқу құралдары, силлабустар, ЖОО оқытушыларының ғылыми мақалалары, сол сияқты базалық және сирек кітаптар. Олар Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханасында орналастырылған.

Қосымша әдебиет қоры жеткілікті деңгейде жинақталған және оқу үрдісінде  белсенді пайдаланылады: ресми басылымдар, анықтамалық, кезеңдік басылымдар, бюллетендер.

Жыл сайын институттың кітапхананың кітап қоры қажеттілігіне қарай толықтырылады. Кітап қорының толықтырылу барысы«Фолиант,Бастау,Нұрпресс,Академия,Экономика, т.б баспа орталықтарының тізімдемелері негізінде жаңартылады.Күні бүгінде институт студенттеріне ,оқытушыларына,қызметкерлеріне оқу,элекронды оқу залдары қызмет көрсетеді,пайдаланушылар электронды тізімдер базасын пайданауға мүмкіндіктері бар.Кітапхананың атқаратын қызметтерінің бірі –кітапханалық және анықтамалық –библиографиялық қызмет көрсету  болып есептеледі.Институт кітапханасының  оқу залында  Мемлекеттік стандарт  талаптары сақталған кітапханалық –библиографиялық топтастыру негізінде дәстүрлі әріптік,жүйелік катологтар жұмыс жасайды.Қазіргі таңда оқырмандар қажетті қағаз нұсқасындағы әдебиеттермен танысу және іріктеу үшін пайдалану мүмкіндіктері бар.Сонымен қатар апта сайын толықтырылып отыратын жүйелік мақалалар,өлкетану картатекалары жүргізіледі.Институт кітапханасының оқырмандар  саны жылдан-жылға көбеюде.

Профессор-оқытушылар құрамына, магистранттарға, ЖОО студенттеріне ақпараттық қолдау көрсете отырып, институт кітапханасы электронды түрде берілетін  ЖОО ғалымдары мен оқытушылардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік нұсқаулықтарының, ғылыми еңбектердің,  электронды нұсқасын және де жоғары сұранысты талап ететін қажетті оқу әдебиетінің сканерден өткізілген түрін жинайды. Оқу құралдарының толық мәтінді базасы.

Барлық компьютерлерде Интернетке шығу мүмкіндігі, керекті ақпаратты  электронды тасымалдағышқа, немесе, қағаз нұсқасына көшіру қарастырылған. Институт студенттері өздеріне ыңғайлы уақыттарында оқу, электронды залдарға келіп оқу-әдістемелік, әдеби, барлық білім беру бағытындағы анықтамалық әдебиеттердің аумақты қорын пайдалануға жағдай жасалып, оқырмандар сабаққа, баяндама жазу, ғылыми-зерттеу жұмыстары, тақырыптық рефераттар жазуға іздену жұмыстарын жүргізуде үлкен, жан-жақты көмек беріледі.