Офис-тіркеуші бөлімі

Кеңсе - тіркеушісі қызметі Ғылыми кеңес шашімімен бекітілген. Институттың  ұйыдастырылу құрылымына сәйкес құрылымдық бөлімі болып табылады.

Қызмет оқу және әдістемелік іс жөніндегі проректорға тікелей бағынады.

Кеңсе - тіркеушісі бөлімі – білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің тарихын тіркеумен айналысады және білім алушылардың білімін бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Кеңсе-тіркеушісі өз қызметін университет оқу ісі жөніндегі проректоры басшылығымен іске асырады.

Жиенкулова Ләззат ТілеуқызыКеңсе-тіркеу бөлімін Жиенкулова Ләззат Тілеуқызы басқарады.

«Экономика және кеден ісі» кафедрасының доценті.

Бөлімшенің құрамы:

Қадыров Болат Тұяқұлы – кеңсе тіркеушісі;

Торғаева Алма Советқызы – кеңсе тіркеушісі;

Нұрмұханова Гауһар – кеңсе тіркеушісі;

Беккалиқызы Жанар – кеңсе тіркеушісі;

Жолдасова Назерке – кеңсе тіркеушісі.

Кеңсе – тіркеушісі бөлімі өз жұмысында

  • қызмет жұмысының барлық мәселелері бойынша ректорға және оқу және әдістемелік іс жөніндегі проректорға;
  • Университет жұмысының сәйкес бағыттары бойынша проректорларға;
  • Білім беру үрдісін ұйымдастыруға және Ғылыми кеңестің компетенциясына кіретін басқа да сұрақтар бойынша Институттың Ғылыми кеңесін есепті.

Тіркеуші кеңсе қызметіні жұмысының негізгі мақсаты білім алушылардың барлық оқу жетістіктерін бақылауды, тіркеуді және талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ білім алушылар контингенті бойынша статистиканы жүргізу болып табылады.

 Кеңсе – тіркеушісінің бөлімінің  негізгі қызметтері:

  • кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесіне байланысты оқытушылар мен студенттерге кеңес беру;
  • қорытынды бақылау жұмыстарының формасын әзірлеу және қалыптастыру, олардың дұрыс толтырылуын тексеру;
  • қорытынды бақылау және аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
  • оқу-құрылымдық бөлімшелерден білім алушылардың оқудағы жетістіктеріне талдау жасау және статистикалық есеп үшін қажетті материалдар мен мәліметтер сұрату;
  • студенттің бақылау жұмыстары және емтихан мәліметтерін  оқу орнын бітіргенше сақтау;
  • студенттердің  оқудағы барлық жетістіктерін тіркеу, академиялық жазбаларын жүргізу және бағалары мен кредиттері туралы ақпараттарын басқару;
  • студенттерге оқу жылы бойындағы  емтихандық сессиялардың нәтижесіне сәйкес транскрипт  дайындау және беру, студенттердің  транскриптік статистикалық есебін жүргізу.
  • оқудан шығарылған және басқа оқу орнына ауыстырылған студенттер үшін транскрипт дайындау және беру (мұрағатқа жіберілетін жеке іс-қағаздарын жинақтау үшін) ;
  • академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша басқа оқу орнына жіберілген студенттер үшін транскрипт дайындау және беру;
  • академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша басқа оқу орнына жіберілетін студенттің оқу жоспарындағы пәндерден  айырмашылықты анықтау;
  • оқуға қайта қабылданған және басқа оқу орнына ауыстырылған студенттердің академиялық анықтамаларын толтыру және беру;
  • студенттердің қозғалыс контингентін назарда ұстау, дерек қорды қалыптастыру және жүйелі түрде жаңартып отыру;
  • мемлекеттік қорытынды аттестацияны үлгерімнің ағымдағы өткізілуінің Типтік ережесіне, студенттердің аралық және қорытынды аттестациясы мен МАК бекіткен кестеге сәйкес ұйымдастырылуы мен өткізілуін бақылау ;
  • институттың студенттік құрамы бойынша бұйрық шығарту, студентті курстан курсқа көшіруге, оқудан шығаруға, қайта қабылдауға, академиялық демалысқа жіберуге керекті студенттер туралы мәліметтер жөнінде кафедра меңгерушілерімен келісу;
  • басқа оқу орындарынан ауысқан және қайта қабылданған студенттердің студенттік билеттері мен сынақ кітапшаларын есепке алу және толтыру;
  • жазғы семестрге тіркеу тәртібі және ұйымдастырылуы;
  • студенттердің академиялық қарыздарын жою, кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесіне сәйкес  оқу жоспарындағы пәндерден айырмашылықтары  бойынша жұмыстар  жүргізу және кеңес беру   ;
  • оқушылардың білім сапасы көрсеткіштеріне (жарты жылдық  және жылдық) жүйелі  талдау жасау, емтихандық сессия қорытындысы бойынша  жиынтық ақпарат дайындау (форма № 34);
  • студенттердің білім берудің барлық түрлері бойынша жеке іс-қағаздарын жинақтау және сақтау;
  • басқа оқу орнына ауысқан студенттердің жеке іс-қағаздарын жіберуге дайындау, басқа оқу орнынан ауысқан студенттің жеке іс-қағаздарын сұрату;
  • қайтадан қабылданған студенттің жеке іс-қағаздарын мұрағаттан сұрату, оқудан шығарылған студенттің жеке іс-қағаздарын мұрағатқа жіберуге дайындау және тапсыру;
  • кафедралардың техникалық хатшыларының түлектердің жеке іс-қағаздарын әзірлеуін бақылау, кафедралардың техникалық хатшыларымен бірге түлектердің жеке іс-қағаздарын мұрағатқа тапсыру;
  • бөлімшелердің іс-әрекететін реттейтін  нормативті-құқықтық құжаттарды (өзгерістер мен толықтырулар ) оқып-үйрену;
  • тіркеуші кеңсе іс-әрекетінің сапасын үнемі көтеру.

Байланыс: Худина 5. әкм.корпусы, каб.304