Тәрбие бөлімі

Тәрбие бөлімінің  меңгерушісі -  Қадырова Ақмарал Саматқызы 

Негізгі мақсаты

Студенттердің өз елінің патриоттары ретінде қалыптасуын, өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне тәрбиенің  түрлі әдіс-тәсілдерін жүзеге асыра отырып оңтайлы жағдай жасау.

Бәсекеге қабілетті, елін сүйетін ұлтжанды азамат, ақпараттық  мәдениеті жоғары дамыған шығармашыл құзыретті тұлға, эстетикалық сезімі кең, жаны нәзік, сұлу, салауатты, өзін-өзі, басқаны да өрге сүйрейтін қайратты, рухы таза, өнерпаз, ертеңгі ата-ана, өз елінің, басқа да елдердің салт-дәстүрін, өнерін құрметтейтін студенттерді дайындау.

 

Міндеттері:

  • Атырау инженерлік – гуманитарлық институтында тәрбие жүйесін жетілдіру, қоғамның еркін, салауатты, рухани бай, адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыруға бейімдейтін өскелең ұрпақ тәрбиесінің болашағы мен әлеуметтік маңыздылығын ұғына білуге жәрдемдесу;
  • Тәрбие   міндеттерін   іске   асыру   үшін   зияткерлік,   ұйымдастыру-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдістемелік  жақтары мен басқа да ресурстарға зейін қоя отырып, адам құқығы мен бостандығына, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық салт-дәстүрлерге қатысты азаматтық, патриотизм, құрметтеуге тәрбиелеу;
  • Студенттердің гуманистік көзқарасын, өзінің рухани, интеллектуалды, адамгершілік,  өнегелі өміріне, өз денсаулығы мен амандығына  деген жауапкершілікті қалыптастыру:
  • Жастардың түрлі әлеуметтік топтарда қызметті ұйымдастыруда және өзара қарым-қатынасты реттеуде жетекші рольді өз қолына ала білетін және жауапты шешімдер қабылдай алатын  дербес жеке тұлға болуға қатысты қажеттілігін қалыптастыру үшін ашық ақпараттық, білім беру қызметі мен коммуникативтік әлеуметтік кеңістік жағдайларын жасау;
  • Мемлекеттік  және  басқа  да тілдерді меңгеру,  өзінің  және  Қазақстан халықтарының басқа да халықтарының салт-дәстүрлері мен мәдениетін зерделеу және қабылдау арқылы жастардың әлемдік және ұлттық мәдениетті меңгеруіне жағдай жасау:
  • Заманауи  қоғам өмірі мен  тиімді кәсіптік қызметке қажетті жеке бас және маңызды сапаларды қалыптастыру, үздіксіз және кәсіптік  өзін-өзі жетілдірудегі қажеттілікті дамыту.

 

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру ұстанымдары

  • тәрбие жұмысының бағдарламасы келесі ұстанымдар негізінде құрылу керек:
  • тәрбие жұмысының ғылымилығы, кешенділік, бірізділік және тәрбие жұмысының үздіксіз жүргізілуі;
  • жастардың бостандығы мен құқығының сақталуы, жастар міселесін шешудегі демократиялық;
  • оқытумен тәрбиелеудің бірлігі, оқытудың қоғамдық дамудың қажеттіліктері мен байланысы;
  • жастарға қатысты мәселелерді шешудегі жаңашылдық;
  • студент жастардың жынысына, ұлтына, діни сеніміне, әлеуметтік жағдайына қарамай тұтастай қамтылуы;
  • іс – әрекеттің мақсаттылығы мен тиімділігі;
  • тәрбие жұмысының түрі мен жеке және ортақ әдістердің үйлесімділігі;
  • студент жастардың бірлестіктерінің іс – әрекеттеріне барынша қолдау көрсету.

 

Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:

Тәрбие жұмысын жүзеге асыру келесі бағыттарды қамтиды:

  • Азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие
  • Рухани-адамгершілік тәрбиесі
  • Экологиялық тәрбие
  • Эстетикалық тәрбие
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру

 

Азаматтық –патриоттық және құқықтық тәрбиенің мақсаты

Отанына деген сүйіспеншілігі мен азаматтық сана сезімі негізінде өз еліне пайда келтіруге деген талпынысын, сондай – ақ әдеп және құқықтық нормаларын ескере отырып, қарым – қатынасқа түсу қабілеттілігін қалыптастыру

 

Тәрбиелік міндеттері:

  • Жастар санасына патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен нанымдарды сіңіру, Қазақстанның бұрынғы мәдениеті мен тарихын, дәстүрін құрметтеуге, мемлекеттік, әсіресе әскери қызмет мәртебесін арттыру;
  • Жастардың Отанға адалдығын, қоғам мен мемлекетке лайықты қызмет етуге дайындығын, борышы мен қызметтік міндеттерін адал орындауға оңтайлы жағдайын қамтамасыз ететін әскери-патриоттық тәрбиесінің жаңа тиімді жүйесін жасау.
  • Отанға деген  сүйіспеншілігімен құрметін қалыптастыру;
  • Мемлекеттік тілде сөйлеуге деген талпынысын дамыту;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу мен бағалауға  деген ұмтылысын қалыптастыру;
  • Ел тарихы мен мәдениетін білу арқылы Қазақстан Республикасының негізгі құндылықтарын зерделеуге көмектесу;
  • Өз мемлекеті туралы әңгімелеп беру қабілеттерін қалыптастыру;
  • Азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру және оларды түсіндіре алуы;
  • Өз Отанының тағдырына, оның өткеніне, бүгіні мен болашағына өзі қатысты екендігін сезіну қабілеттерін дамыту;
  • Түрлі саладағы Қазақстандықтардың жетістіктеріне деген мақтанышын қалыптастыру;
  • Өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін ояту;
  • Қоғамдық орындарды, отбасында өзін –өзі ұстау мінез – құлық ережелері туралы білімдерін және сол ережелерді қолдана білу қабілеттерін қалыптастыру;
  • Іс –әрекеті үшін жауап беру мен мінез құлқын түсіндіре алу қабілеттерін қалыптастыру;
  • Құқықтық нормалар мен жалпы адамзаттық құндылықтардың байланысы жайлы түсініктерін қалыптастыру;
  • Адам құқығын сақтау қажеттілігін түсіндіру қабілеттерін қалыптастыру;
  • Күш көрсету жағдайында қорғану дағдыларын қалыптастыру;

 

Рухани адамгершілік тәрбиенің мақсаты

  • өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыру;
  • рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру;
  • кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру;

 Тәрбиелік міндеттері:

  • Ізгілікті және адамгершілікке жат әрекеттер туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • Өз іс – әрекетінің жеке басына және жеке өзгелерге тигізер зиянын бағалау қабілеттерін қалыптастыру;
  • Адамгершілікті мінез – құлық тәжірибесін қалыптастыру;
  • Әсемдік туралы ғалым –талғам түсініктерін қалыптастыру;
  • Студенттерге талғамды қабылдауға қабілеттендіру;
  • Талғам құндылықтарын меңгеруге деген ұмтылысы мен қабілеттерін дамыту;
  • Талғамсыздық пен бейберекеттіліктің баршасына жағымсыз көзқарасты қалыптастыру;
  • Талғам құндылықтарын меңгеру дағдыларын дамыту;

 

Экологиялық, экономикалық тәрбиенің мақсаты – студенттердің табиғатқа сүйіспеншілігін және оған қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында экологиялық ойлауын қалыптастыруға себепші болу.

Тәрбиелік міндеттері:

  • студенттердің экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, экологияны оқыту кезінде пәнаралық байланысты пайдалана білу;
  • негізгі табиғат қорғау дағдысын, алған теориялық білімін практикада қолдана білу қабілетін қалыптастыру;
  • қоршаған орта жағдайы үшін өзіне жауапкершілік ала білуі және өз елінің экологиялық мәселелерін шеше білуі.
  • студенттердің табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен қарым-қатынасын тәрбиелеу және экологиялық білімін көтеру мақсатында өткізілген жұмыстар жүйелі түрде жүргізу.

 

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – студенттердің  бойындағы көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып табылады. Әр адамның ақыл – ойын, әсемдік жөніндегі сауаттылығын арттырып, мінез – құлқының, тән – жанының қалыптасуына ықпал ету. Жасампаздықты мұрат тұтып, өзінің тұрмысын, мінез – құлқын, адамдармен қарым – қатынасын ұйымдастыра білу қабілетін, қиялын, эстетикалық талғамын дамыту.

 

Тәрбиелік міндеттері:

  • Жастардың  эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту.
  • Жастардың эстетикалық түсінігі мен құштарлығын, сезімталдық қабілетін дамыту,
  • Жастардың көркемдік талғамын тәрбиелеу;
  • Жастардың күшіне сай өзін өнерде көрсете білу қабілетін, айналаға қабілетті әдемілік жасауға талпынысын тәрбиелеу;
  • Жас ұрпақты мамандығына қарамай, өмірдегі, табиғаттағы әсемдікті қорғауға, бағалауға, сақтауға үйрету.
  • Табиғаттағы әсемдікті, өнердегі көрсеткіштер мен сәулет өнері туындыларын көзінің қарашығындай етіп аялауға баулу

 

Спорт және салауатты өмір салтын қалыптастырудың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, денешынықтыру спортпен айналысуға ынта- қызығушылығын дамыту, студент жастарының жағымсыз әдеттерден аулақ болуын және өз денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау.

Тәрбиелік міндеттері:

  • Жеке денсаулық жағдайы мен ерекшелігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • Денсаулыққа зиян келтіретін факторлар туралы білімдерін қалыптастыру;
  • Денсаулықтың дін, психологиялық, әлеуметтік және рухани байлықтармен біртұтастығы және денсаулықты сақтау әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • Жағымсыз әсерлерге қарсы тұру қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • Күн тәртібін сақтау қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • Спортпен шұғылдануға деген ұмтылысын дамыту;

 

Құрылымы

 

Тәрбие бөлімінің құрылымы

Жетекшісі

Үйірменің  мақсаты

1

Студенттер жатақханасы

Кадырова А.С.

Басқа облыстар мен қашық аудан, елді мекендерде тұратын студенттердің әдеуметтік жағдайын ескеріп институттың студенттер жатақханасымен қамтамасыз ету;

2

Кураторлар кеңесі

Дүйсенова Г.М.

тәрбие жұмыстарын алдағы уақытта жақсарту жөнінде ұсыныс дайындау;

ұйымдастыру, реттеу және үйлестіру  қызметтерін орындау;

студенттік топтарда тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және өткізуде ПОҚ – на әдістемелік көмек көрсету.

Кураторлар оқу – тәрбие үрдісі жүйесінде ерекше орын алады және тәжірибеде көрсетілгендей,  студенттерге  үлкен  тәрбиелік  ықпал тигізеді.

3

Студенттер кеңесі

Мангитаева А.К.

Институтта өзін өзі басқаруға жастардың құқығын кеңейту,студенттердің белсенділігін және дербестілігін дамыту;

Құқықтары мен мүдделерін қорғау;

Оқу ісі тәрбие және оқу жұмысы үрдістерін ұйымдастыруға қатысу, сонымен қатар студенттердің тұрмысы мен бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу;

Үйірме атауы

4

Театр үйірмесі

Жұбатов А.

Жастарды рухани мәдениеттілікке, жаманнан жиреніп, жақсыға үйір болуды үйрету

5

«Жас ұлан» дебат клубы

Бозахаева Г.К.

Пікір - сайыс арқылы қоғамда саяси сауатты, еркін көзқарасы бар демократиялы қарым қатынасқа қалыптасқан тұлға өсіріп, жетілдіру. Пікір - сайыстардың атқаратын негізгі қызметі сын тұрғысынан ойлай білу қабілетін дамыту. Пікір - сайыс жастарды өркениетті қарым қатынастарға, өз көзқарастарын қорғауға, қарсыластарына дәйекті сын айтуға үйрету. Шешендік өнер негіздеріне баулу.

6

«Қызғалдақ» қыздар клубы

Түгелбаева А.Т.

Қыз баланың қоғамның  белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты түсінуге, өнерге, мәдениетке, өткен тарихымызды білуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу, мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру,  қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың болашағы  және  үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын ұғындыру, әдеп пен сыпайылық, инабаттылық, тазалық пен адамгершілік  нәрімен сусындату.

7

Спорт үйірмесі

Сағынов М.

Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін

ынтымақты жауапкершілігін арттыру;

жастар спорты мен сауықтыру демалыстарын дамытуда кешендік пен жүйелілікті қамтамасыз ету; жастарды спорттық-сауықтыру шараларына жұмылдыру тұрғысында жұмыс жасау;

жастар арасындан профилактикалық шараларды аймақтық дәрежеде өткізуді қолға алу.

8

Бизнес клубы

Ихсанова  Г.С.

Студенттерді бизнесті ұйымдастыру қағидлары мен әдістерін, қызмет жағдай мен түрлерін білуді, қалыпты қызметті қамтамасыз ететін барлық ресурстардың оңтайлы жолдарын анықтауды, кәсіпкердің шаруашылық қызметіне талдау жүргізу, шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік тәуекелінің бағасын анықтау, кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру әдістемесін қолдануды үйрету.

9

«Таможенник» клубы

Оразғалиев Б.Ұ.

Қазақстан Республикасының кедендік саясаты Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да бұл үйірменің мақсаты студенттерді кеден ісі саласына қатысты мәселелер жөнінде түсінік беру. Атап айтсақ, кеден заңдарын еркін меңгеріп, түсінуге, кеден шекарасы арқылы тауарлар тасымалының тәртібі жөнінде түсінік беруге, кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік түрлерін білуге, кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау жүргізу, кеден режимдерін дұрыс қолдануды және т.б. үйрету.

10

«АСУ» клубы

Захарьяева Г.Т.

Студенттің творчествалық мүмкіндіктерінің, дарындылықтарының  әрі қарай дамыуына, жалпы мәдениетті ой өрiсiнiң кеңейюуiне жол ашу.

бiлiмдердiң қуысына талпынысты жетiлдiру;

көркем  жетiлдiрісiн және бұйым сапасына бағдарлау;

жеке қабiлеттiлiктерiн жетiлдiру;

11

«Ағылшын тілі» үйірмесі

Қарабалина С.

Студенттердің ағылшын тіліне деген қызуғышылығын арттыру;

Студенттерді оқытылатын тіл елінің салт дәстүрімен, мерекелерімен таныстыру.

12

«Неміс тілі» үйірмесі

Қақпанбаева Н.М.

Студенттердің тіл байлығын дамыту. Студенттерді Германияның атақты ғалым, жазушыларының е,бектерімен таныстыру

13

«Құқықтанушы»

Бозахаева Г.К.

Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларды бұлжытпай орындау және Ата заңымызды сыйлау рухында тәрбиелеу, мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде білсенділікпен қатысып, өз Отанын әрқашан қорғауға дайын болуға тәрбиелеу.

14

«Этика және эстетика» үйірмесі

Қақпанбаева Н.М.

Жастарды сыпайылыққа тәрбиелеу;

Әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Жастарды адагершілік бағытта тәрбиелеу;

Жүріс тұрыс мәдениеті;

Сөйлеу мәдениеті, сәлемдесу әдебі;

Әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу;

Киім киюдің жарасымдылығы, үйлесімділігі;

Талғампаздық;

15

Компьютерлік графика үйірмесі 

Ибраш С

«Adobe Photoshop» үйірмесі студенттердің дүниетанымын және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, ойлау қабілетін дамытуға, жалпы ғылыми негіздер қалауға, дағдылауда қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама студенттерге компьютерді көмекші әрі дос ретінде пайдалана білуге графикалық редакторларымен жұмыс жасай білуге  үйрету мақсатында дайындалған. Шығармашылық қабілеттерін дамытып, алдарына қойылған  мақсаттарда іске асыруға үйрету.

 

Жасыл ел студенттер отряды

 

Жетекшісі

Үйірменің  мақсаты

1

Оразгалиев Б.У.

Елімізді көгалдандыру, жастардың бойында еліне деген құрмет пен сүйіспеншілік, табиғатқа деген аяушылық сынды қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.