Информатика, автоматтандыру және басқару кафедрасы

Атырау инженерлік-гуманитарлық институттың «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасы 5В060200-Информатика, 5В070200–Автоматтандыру және басқару мамандықтары бойынша мамандар даярлау мақсатында 2011 жылдың тамыз айының 31 жұлдызында өткен Ғылыми кеңестің шешімі бойынша ректордың №1/1-24 бұйрығымен  құрылды.

Кафедра өзінің жұмыс барысында «Білім туралы» ҚР-ң Заңын, «Білім туралы» ҚР-ң мемлекеттік бағдарламасын, ҚР-ң «Ғылым туралы» заңын, «ҚР-ң жоғары оқу орындары туралы» ережесін, ЖОО-на (бакалавриат) арналған ҚР-ң мемлекеттік жалпы білім беру стандартын (ҚР МЖБС 5.04.019-2011), Атырау инженерлік-гуманитарлың институтының дамуының стратегиялық жоспарын, институттың Ғылыми кеңесінің шешімдерін және басқа  да нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

Кафедраның негізгі міндеті кәсіби дамытуды жетілдіруді өтейтін іргелі: қолданбалы  білім беру, гуманистік бағытта тәрбиелеу негізінде жоғары білімді, адамгершілігі мол, отанын қадірлейтін, жоғарғы шығармашылықпен еңбек ететін, ақиқатты жанына жақын тұтатын, білікті, білімді, ел тәуелсіздігін қадірлейтін, рухы үстем, дін мәселелерін шешуге бейім, саяси әлеуметтік мәселеде пікір айтатын, заң талаптары мен дербес саяси бағдарламаларға ат салысатын тұлға дайындау. Кафедраның жұмыс мәселелерін талқылау және қажетті шешімдер қабылдау үшін айына бір рет кафедра мәжілісі өткізіледі. Кафедра өзінің іс-тәжірибесін жылдық жоспарға сәйкес жүргізеді. Бұл жоспарда оқу, әдістемелік, ғылыми-зерртеу, тәрбие және де басқа жұмыс түрлері қамтылады. Болашақ мамандарға кәсіби білім беру мен қатар, олардың заман талабына сай құндылықтарды бағдарлай алу қабілетін  тәрбиелеуге де зор мән беріледі. 

Кафедра оқу үрдісінде ғылым мен тәжірибені ұштастыруды, студенттердің  шығармашылығын қалыптастыруды өз дамуының негізгі бағыттары деп есептейді.

  • Қазақстан Республикасы аймақтарындағы кадрлар бойынша  тұтынушылықты есепке ала отырып, жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды дайындау құрылымын жасақтау;
  • негізгі білім беру бағдарламаларының  бағыттарын көбейту мақсатында жұмыс істеу;
  • мамандардың кәсіби дайындығын тексеру;
  • Білім алушы контингентін сапалы қалыптастыру;
  • Кәсіби іс әрекетке жақсы дайындалу үшін ізденушінің тәжірибеден өтуін қамтамасыздандыру;
  • Білім берудің фундаменталдығын сақтай отырып, оның негізінде білім берудің жоғары  сапасын  қамтамасыздандыру;
  • Заманауи талаптарды еске ала отырып жаңа білім беру бағдарламалары бойынша  мамандарды  дайындау;
  • мамандарды дайындау мазмұны жаңалап, білім беру процесін қолданбалы бағытталуын  және оның инновациялық оқыту технологияларын кеңінен пайдалану;
  • мамандарды дайындаудың сапасын бақылау жүйесін жетілдіру;
  • білім беру үрдісінде компьютерлік бақылау жүйесін ендіру және пәндердің  электрондық  кешендерін  өңдеу  және  енгізу;
  • білім беру процесін ақпараттандыру, әдістемелік және кітапханалық қамтамасыздандыру деңгейін арттыру.

 

Кафедраны т.ғ.к., доцент Елеусинова Ақмарал Едігеқызы басқарып келеді.

Бітірген оқу орны: 1993 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет құрылыс академиясының «құрылыс» факультетін «өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірді.

Атқарған қызметі: 

1993-1997 ж. Ш.Есенов атындағы Ақтау политехникалық институтында оқытушы қызметте еңбек етті. 1998-1999 ж. Алматы қаласы, Ө.Жолдасбеков атындағы «Механика және машина тану ғылыми институтында» білімін жоғарлату біліктілігінен өтті. 

1999-2002 ж.  Аталған ғылыми зерттеу институтының күндізгі бөлімінің аспиранты, 01.02.06 саласы бойынша «Машина, құрылғы, аппараттардың беріктігі және динамикасы»  бағытында кандидаттық  диссертация қорғады.

2002-2006 ж. Ш.Есенов атындағы Ақтау политехникалық институтында деканның көмекшісі, студенттердің білімін жетілдіру және жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы, кафедра доценті қызметтерін атқарды. 

2007-2013 ж. Атырау мұнай және газ институтында «Құрылыс» кафедрасының доценті, «Инженерлік геодезия және жерге орналастыру» кафедрасының мегерушісі қызметін атқарды. 

2013 ж. бастап Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Әлеуметтік ізгілендіру және жаратылыстану» кафедрасының меңгерушісі, 2014 ж. «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.

Ғылыми бағыты «Серпімді, кеңістіктегі жоғары класты механизмдердің кинематикалық жұптарында динамикалық әсерлер болғанда үйкеліс күшін ескеру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Қазіргі заман талаптарына сәйкес автоматтандыру және робот жүйесін енгізу,  заманауи  технологияларын оқу үрдісіне  қолдану бағытында ғылыми - зерттеу жұмыстар жүргізеді. 20-дан астам ғылыми  мақалалардың, 1 оқу-әдістемелік құралдардың және 1 монография авторы.

 

  Профессор-оқытушылардың ғылыми-зерттеу бағыттары:

Кадрлық әлеует: кафедрада негізгі штатта барлығы 11 оқытушы, оның ішінде  2  ғылым докторы, 4 ғылым кандидаты, 2 магистр, 3 аға оқытушы, 1 оқытушы қызмет атқарады.  Кафедра мүшелерінің орта жасы 35-45 жас, ғылыми әлеует 45% құрайды.

Кафедрада жүргізілген ғылыми - зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты мен идеясы  -  ғылым  мен  техниканың,  оқыту технологиясының жетістігі мен өзекті проблемаларын  тану  және зерттеу, оны оқыту үрдісінде және зерттеу жұмыстарында тиімді пайдаланып отыру. 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ғылыми – зерттеу жұмыстарын жоспар бойынша мынадай бағытта жүргізуде:

  • Аспан денелер механикасының кейбір мәселелері;
  • Математиканы оқытудың теориялық негiздерi мен оқыту әдістемесінің арнаулы мәселелерiне бағытталған;
  • Қоршаған ортаның экологиясы;
  • Газ кен орнын тиімді басқарудың математикалық моделін құру;
  • Жер асты газ қозғалысы динамикасының математикалық моделі, фильтрация  теориясы және т.б.
  • Графикалық ортаның гравитациялық өрісінің дисперцияға әсерінің проблемалары  және Лява және SH толқындарының күрделі ортада өшуі туралы;
  • Двигательдердің динамикалық характеристикасының есебінен сызықты емес  механикалық жүйенің қозғалысын басқару және оның динамикасы;
  • Мұнай химиясы мен экология;
  • Информатика ғылымының қазіргі заманғы жетістіктерін оқу үрдісіне қолдану бағыттары, оқыту әдістемесі және технологиясы;
  • Мұнай, газ кең орындарын зерттеуді және тасымал әдістерін автоматтандыру және басқару  мәселелері;
  • Қазіргі заманғы автоматтандыру және басқару әдістерін, технологияларын оқу үрдісіне еңгізу  бағыттары.
  • Айнымалы токтың күрделі электр желісін есептеу әдістері.

 

  Ғылыми орталықтармен, ЖОО-мен байланыстар:

Кафедра профессор-оқытушылары  Ресей және Қазақстан ғылыми орталықтарымен, ЖОО-мен тығыз байланыста. Астрахань мемлекеттік техникалық университетімен  студенттер мен оқытушылар арсында білімін жетілдіру мақсатында іс-сапарлар (мобильность) ұйымдастырылды.          

Утепкалиев Серік

Бітірген оқу орны: 1974 жылы Гурьев педагогикалық физика-математика факультетін «Математика» мамандығы бойынша бітірді.

Атқарған қызметі: 

1974-1976 ж. Гурьев химия және табиғи тұздар институты, Каз.ССР ҒА., ғылыми қызметкер. 1976-1977 ж. Гурьев қаласы, «13 орта мектептің математика мұғалімі.

1977-2011 ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті: 1997-1999 ж. факультет деканының орынбасары, 2008-2009 ж. физика-математика факультетінің деканы. 

1998 ж. «Математиканы оқыту теориясы және әдістемесі» мамандығы бойынша «Бастауыш мектеп оқушыларын математика бойынша мазмұнды есептерді өзбетімен шығаруға үйрету әдістемесі  тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Қазіргі заман талаптарына сәйкес математиканы, информатиканы  оқытудың заманауи  технологияларын оқу үрдісіне қолдану бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізеді. 50-дан астам ғылыми  мақалалардың, 3 оқу-әдістемелік құралдардың авторы.

Ғылыми зерттеулерінің қазіргі бағыты: Орта және Жоғары мектеп мәселелері бойынша «Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды енгізу және қашықтан оқыту мәселелері», математиканы, информатиканы оқыту әдістемесі.

«Интеграциялық технологияларды оқыту мәселелері - ЖОО-дағы білім беру үрдісінде сапаны көтеру  кепілі» атты ғылыми-зерттеу жоба тобының мүшесі.

Захарьяева Гульнар Танатовна

Старший преподаватель кафедры информатики, автоматизации и управления. Окончила Атырауский педагогический институт по специальности физика и РГКП Атырауский институт нефти и газа и присуждена квалификация и академическая степень магистра техники и технологии по направлению "Электроэнергетика". Тема магистерской диссертации "Аналитическое и экспериментальное исследование системы автоматического управления процессом продольного течения". Преподаваемые дисциплины: Теория линейных САР; Нетрадиционные и возобновляемые источники энергии; Системы управления с элементами искусственного интеллекта; Теория нелинейных САР; Прикладная теория информации; Надежность систем управления. В настоящее время работает над темами: "Внедрение системы Scada для эксплуатации нефти в нефтеперекачивающих станциях"; "Оценка загрязнения нефтепродуктами почвеннего покрова Атырау".

Меңдіғалиева Гүлжүзім Хамитқызы

1999 жылы Атырау қаласына Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «физика- математика» факультетінің «математика және информатика» мамандығына оқуға қабылданған. 

Еңбек жолын күндізгі оқу бөлімінде оқып жүріп, 2002 жылы Атырау қаласындағы №20 А.Пушкин атындағы орта мектептің мұғалімі болып бастап, еңбек өтілімді үзбестен 2004 жылы бітірген. 2004 жылы қыркүйектен бастап, университет жанындағы Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжіне оқытушысы болып қабылданған. 2005 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының математика пәні оқытушысы, 2010 жылдан бастап аға оқытушы қызметін атқарып келеді.   

2004-2008 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің сырттай оқыту бөлімінің педагогика мамандығы бойынша аспирантурада білім алған.

2011-2013 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «физика-математика» факультетінің математика мамандығы бойынша магистратураны тамамдап, жаратылыс ғылымдарының магистрі ғылыми атағын иеленді.

Магистр Гүлжүзім Хамитқызы облыстық маслихатының алғыс хатымен және бірнеше рет  институттың  алғыс  хатымен  марапатталды

Иесналиев Нұрлыбай Қабешұлы

1981 жылы Алматы архитектура – құрылыс институтын инженер – құрылысшы мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1983 -1985, 1989- 1981 жылдары құрылыста шебер, прораб, аға прораб болып қызмет етті. 1985-1990 жылдары аудандық партия комитетінде нұсқаушы, өндіріс бөлімі меңгерушісі, партия комитеті хатшысы болды. 1996 жылдан педагогикалық қызметті бастаған. 2003 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде математика-информатика мамандығын бітірді. 1 санатты аға оқытушы «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасында интернет технологиясы, экономикалық жүйедегі жаңа ақпараттау технология, информатиканы оқыту әдістемесі пәндерінен деріс береді.

Сарсенбаева Аслима Алғазықызы

В.И.Ленин атындағы  Қазақ политехникалық институтына автоматика және телемеханика факультетіне оқу түсіп, 1970 жылы «Автоматтандырылған басқару жүйелерінің инженер- электригі» мамандығын алып шықты. Өз жұмыс өтілін Мақат поселкесіндегі «Азия-центр орталығы» мастер-инженер қызметінен бастады. Мақат поселкесінің Еңбек етушілердің депутаттар кеңесінің төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 1982 жылы Әлеуметтік қамтамасыз ету орталығының меңгерушісі болып тағайындалған. 1998 жылы Астанада өткен Қазақстан әйелдерінің форумына қатысты.

2005 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл толуына орай мерекелік медальмен наградталды. Сол жылы Мақат мұнай кен орнына 90 жыл ескерткіш белгісімен марапатталды. 2008 жылы Мақат аудандық мәслихат аппаратының және Мақат ауданы әкімі С.Нақпаевтың марапатына ие болды. Еңбегінің жетістіктеріне орай Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Аслима Алғазықызы электроника, электротехника теориясының негіздері, автоматтандырылған басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық кешендері пәндерінен дәріс беріп келеді.

Байжасарова Қалима Қабидетқызы

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының электронды есептеу машинасы факультетін оқып бітіріп, 1990 жылы «Жүйетехникасы инженері» мамандығын алып шықты. Еңбек жолын осы аталған институтта «Есептеуіш техника» кафедрасының инженері қызметінен бастады. Казіргі уақытта Атырау инженерлік –гуманитарлық институтының аға оқытушысы Қалима Қабидетқызы «Алгоритм және деректер құрылымы», «Компьютер архитектурасы», «ЭЕМ және жүйе», «Бағдарламалау теориясы», «Ақпаратты  жинақтау және тарату негіздері» пәндерінен дәріс беріп келеді.

Ундасинова Ақгүл Бекболқызы

Мектеп бітірген соң Атырау инженерлік – гуманитарлық институтына «Автоматтандыру және басқару» факультетіне түсіп, 2008 жылы «инженер-электрик» мамандығын алып шықты. Қазіргі уақытта осы аталған институтта «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасының электроника, электротехника теориясының негіздері, автоматтандырылған басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық кешендері пәндерінен тәжірибелік және лабораториялық сабақтар жүргізіп келеді.

Кубашева Динара Амангельдиевна

Магистр технических наук по специальности «Информационные системы», преподаватель кафедры «Информатика, Автоматизация и управление». Окончила Западно-Казахстанский инженерно-гуманитарный университет по специальности «Информационные системы». Тема магистерской диссертации «Методика создания и использования электронного средства контроля знаний студентов по программированию». Преподаваемые дисциплины: Вычислительные системы связи, Теория языков и автоматов. На сегодняшний день прошла курсы в АО «НЦПК «Өрлеу» и имеет сертификат на тему «Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде дуалды оқытуды енгізу – индустриалдық инновациялық даму негізі» г.Атырау, 2014 г. В 2012 году прошла курс повышения квалификации в межрегиональном центре по повышению квалификации педагогических работников системы технического и профессионального образования и имеет сертификат «Разработка модульных учебных программ на основе компетентностного подхода».

 

2. Оқу-әдістемелік жұмыстар

2014/2015 оқу жылының I семестрі бойынша барлық  пәндердің силлабустары, ОӘК-рі толық құрылған. Кафедрадағы пәндердің типтік бағдарламалары, силлабустары  мен  ОӘК-рі  туралы  мәлімет төмендегі  кестеде  көрсетілген. Барлық  пәндер бойынша силлабустар  блоктық-модулдік, аралық бақылау жүйесі бойынша құрылған, олардың мазмұны типтік бағдарламаларға және мемлекеттік білім стандарттарының талабына сәйкес келеді. Көптеген оқу пәндерінің оқу-жұыс бағдарламалары  модульдіқ  оқыту технологиясы негізінде құрылған, бірақ  оларды орыс және қазақ тілінде құрып, жетілдіру қажет. Электрондық оқыту жүйесін қолдану бағытында алғашқы қадамдар жүргізіліп келеді. Кафедра бойынша 3 злектрондық оқу-құралы бар, "Автоматтандыру және басқару" мамандығы студенттеріне арналған кейбір пәндерден вертуальді зертханалық жұмыстар оқыту үрдісінде  қолданыс  тауып жүр.

ЌР-ның Білім және ғылым министрлігінің, республикалық жєне шет елдердегі жетекші ЖОО-ның интернет-ресурстарын кафедра  бойынша құру жолға қойылған.

Кафедра бойынша әрбір оқу жылында 2-3 ғылыми-әдістемелік тақырыптарға арналған семинар, дөңгелек үстелдер  ұйымдастырылады.

Студентерді кредиттік оқыту жүйесіндегі модульдік технология арқылы оқыту дидактикасын жасаудың мањызы өте зор. Кредиттік оқыту технологиясы, оның ішінде модульдік технология студенттердің, оқытушылардың, мамандардың академиялық алмасуына қажетті шарттарды жүзеге асыратын бірыңғай сынақтың халықаралық жүйесін кіру мақсатында ұлттыќ білім беру жүйесін реформалаудан тұратын әлемдік беталыстан туып отыр. Осы мақсатта кафедра бойынша көптеген оқу пәндерінің оқу-жұмыс бағдарламалары модульдік жүйеде  жасақталған,  бірақ  оларды  әліде  болса  модульдік  оќыту  технологиясы  талаптарына  сәйкес  жасау  қажет.

Кафедрада "Информатика", "Автоматтандыру жєне басқару" мамандықтарына арналған оқу-жұмыс жоспарларын модульдік жүйеге  негіздеп  құру  көзделіп  отыр. 

Білім беруді және ғылым интеграциялау бағытында инновациялық іс-тәжірибені жүзеге асыру мақсатында кафедраның бір топ  профессор-оқытушылары  ғылыми-зерттеу жоба  жасақталып, республикалық  гранттық  каржыландыру конкурсына қатысу жоспарланды.

"Информатика" мамандығы, "Автоматтандыру жєне басқару" мамандығы студенттерін ақпараттық-коммуникациялық және интернет  жүйесін кең  жағдайда  қолдану қамтамасыз етілген.

Кафедра мамандықтары бойынша институт кітапханасының қорын оқу әдебиеттерімен толықтыру мақсатында өтінім әрбір оқу  жылында беріліп келеді.

Мамандықтарға арналған оқу-жұмыс жоспарларындағы кредит мөлшері бойынша Ќазақстан моделін ЕСТS жүйесіне негіздеп есептеу  жұмыстары  жүргізілуде.

2014-2015 оқу жылында "Автоматтандыру жєне басқару" мамандығының және "Информатика мамандығының" студенттерін Ресей, Астрахань мемлекеттік техникалық университетіне академиялық ұтқұрлыќ бағдарламасы бойынша 2 студентті оқуға жіберу жоспарланып  отыр.

Екіжақты (дуальді) оқыту бағытында кафедрада 6 келісім-шарт құрылған, "Информатика" мамандығы, "Автоматтандыру және басқару"  мамандығының 2 курс  студенттеріне арналған оқу бағдарламасы жасақталған. 

"Автоматтандыру және басќару" мамандығының студенттері үшін зертханалық жұмыстарға арналған қазіргі заман талабына сәйкес  құралдармен жабдықтау  мақсатында  Ректоратќа  өтініш берілді. 

Студент-жастарды әлеуметтік жауапкершілікке, отандық патриотизмге, адамгершілікке жєне белсенділікке тәрбиелеу мақсатында  кафедра оқытушылары  институтішілік  шаралар  ұйымдастырып, өткізілуде.   

Қазақстан Республикасының білім беру ісін дамытудың 2011/2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру  бағытында Информатика, автоматтандыру және басқару кафедра ұжымы арнайы перспективтік жоспарға  сәйкес  жұмыс  жасау  үстінде. Өткен  және ағымдағы жылдарда кафедраның профессор-оқытушылары студенттерге сапалы білім беру мақсатында ғылыми-әдістемелік  жұмыстармен және өздерінің кәсіби біліктігін жетілдіру үшін республиканың ЖОО-мен тығыз байланыста. Кафедраның барлық оқытушылары  өздерінің кәсіби міндетті жұмыстарымен қатар ғылыми-әдістемелік жұстарға жұмылдырылғанын олардың перспективтік жұмыс  жоспарларынан  байқауға  болады.

5В060200-Информатика, 5В070200-Автоматтандыру және басқару мамандықтарына арналған оқу-жұмыс жоспары модульдіқ оқыту  технологиясы  негізінде  құрылды. 

Кафедра аға оқытушысы Захарьяева Гүлнар Таңатқызы 23-25 қыркүйек аралығында «Технологияларды коммерцияландыру негіздері» тақырыбында көлемі 16 сағаттық екі күндік семинарға, 17 қарашада «Білімнің сапасының қамсыздандыруының ішкі ішкіжоолық жүйесінің зерттемесі»атты семинар тренингке қатысты.

Кафедра аға оқытушылары Г.Захарьяева, К.Байжасарова ҚРАқпараттық қор эксперті Дарья Бухтоярованың басшылық етуімен өткен «Web of science Core Collection» атты семинарға қатысты.

 

3. Тәрбие жұмысы

Кафедра профессор-оқытушылары 5В060200-Инф., 5В070200-АжБ. мамандық студенттеріне тәлімгерлік жұмыстар жүргізеді. Топ  тәлімгерлерінің оқу  жылы  бойынша  жұмыс  жоспары құрылған. Топ тәлімгерлері студенттердің сабаққа қатысын, академиялық  үлгерімін, оқу  ақысын  төлеуді  бақылау  және  т.б.  жұмыстармен  айналысып  жүр.

Тәлімгер  Г.Т. Захарьяваның АжБ-3 курс студенттері “Қоғам мүлкі - өз мүлкіміз” кабинетті қалыпқа келтіру, тазалық жұмыстары үнемі бейсенбі күндері жүргізіліп отырды. Студенттердің сабаққа келуін, тәртібін  қадағалау талап етілуде. Діни тәрбие бағытында 25 қыркүйекте «Дәстүрдің озығы бар тозығы бар» тақырыбында пікірталас, «Білімді маман ел болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел. Діни тәрбие бағытында жүргізілген кураторлық сағатта «Ислам дінін жамылған теріс ағымдардан сақтану» және «Діни ағымдырдың жастарға әсері» деген екі тақырып қарастырылды.

Тәлімгер Ж.Б.Туманшиеваның Информатика -4 курс студенттері қыркүйекте өткен қалалық сенбіліктерге қатынасты. Діни экстремизмге байланысты кураторлық сағаты өтті. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауы» тақырыбындағы интерактивті дәрісін талқылауға дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 21 жылдығы аясында өткізілген шараларда қабырға газетін шығарды. Ректор Алғыс хатымен Берікбаева Жадыра марапатталды. 

Тәлімгер Г.Х.Меңдіғалиеваның АжБ-4 курс топ студенттері жұмыс жоспарына сәйкес топ сағаттары, студенттердің сабаққа қатынасы, оқу үлгерімі, оқу ақысын төлеу мәселелері туралы жиналыстар өткізді. 11 қыркүйек 2014 ж. Қ.Смағұлов алаңында «Дұрыс тамақтан», «Үнемі  спортпен айналыс», «Денсаулығыңды сақта» ұранымен өткен «Денсаулық фестеваліне» арналған велосипед, ролик тебуге топ студентері қатысты. 17 қараша- Студенттер күніне орай өткен мерекелік шарада институт ректоры бұйрығымен қоғамдық жұмысқа белсене  араласатын, үздік оқитын Қаржаубаева Шынарға оқу ақысына жеңілдіктер жасалды. Ректор марапатымен Бисекенов Жалғас және Текеев Талғат марапатталды. Тәрбие жұмысының жоспары бойынша «Діни экстремизм», «СПИД - ХХІ ғасыдың қатерлі дерті», «Темекі – денсаулыққа  зиян»,  сияқты т.б. тақырыптарында ашық  қураторлық  сағаттар жүргізілді.

Тәлімгер К.Байжасарованың автоматтандыру және басқару мамандығының 3 курс орыс тобымен Діни тәрбие бағытында: 12 қыркүйекте «Адастырушы діни ағымдар» тақырыбында тәрбие сағаты, 14 қарашада «Қазақстандағы қазіргі кездегі діни жағдай» тақырыбында пікірталас. 20 қарашада «20 – шы қараша шылым шегуге қарсы бүкіләлемдік күрес» атты тақырыпта пікір алмасу өткізілді.

19 желтоқсанда Атырау мұнай және газ институттында өткізілген  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын насихаттау мақсатында республикалық ақпараттық топ мүшелерімен кездесуіне Информатика, автоматтандыру және басқару мамандығының 1, 2, 3, 4 курс студенттері топ кураторларымен бірге қатысты.

 

  Оқу үрдісіне енгізілген студенттердің ғылыми-зертеу жұмыстары (СҒЗЖ)

 

СҒЗЖ  тақырыптары

пән

мамандық

жұмыс  тұрі

қолданылған   зерттеу әдісі

мерзімі

жауапты  оқытушы

1

 Исследование свойств и  характеристик динамических  звеньев

 

ТЛСАР

5В070200-АиУ,

3  курс

лаб.  №1

вертуальная  работа

сентябрь, 2014

неделя  №1

магистр  Захарьяева  Г.Т.

преп. Ундасинова  А.Б.

2

 Научный анализ модели  исследуемых систем  автоматического  регулирование

 

ТЛСАР

5В070200-АиУ,

3  курс

лаб.  №2.

лаб.  №3

вертуальная  работа,

прикладной  пакет

сентябрь, 2014

неделя  №2,3

магистр  Захарьяева  Г.Т.

3

 Исследование влияния параметров  автоматических  регуляторов на  статические характеристики САР

 

ТЛСАР

5В070200-АиУ,

3  курс

лаб.  №4

вертуальная  работа,

прикладной  пакет программ  EWR

октябрь, 2014

неделя  №4

магистр  Захарьяева  Г.Т.

4

 Научный анализ ля  исследования линейных  САР частотным  методами

 

ТЛСАР

5В070200-АиУ,

3  курс

СРС

интерактивная  доска, научные  литературы

декабрь, 2014

№8

магистр  Захарьяева  Г.Т.

5

 Қазіргі кезеңдегі  операциялық  жүйелер.      

 Қолданбалы бағдарламалар

 

Информатика

5В070200-АиУ,

1  курс

СРС

интерактивная  доска, научно-метод. лит., интернет

октябрь, 2014

неделя  №5-6

 

ст.преп. Тулесинова  С.Б.

6

 Интернет технологии

Интернет  технологии

5В060200-Инф.,

4  курс

Реферат

научно-метод.  лит.,

интернет

декабрь, 2014

 

ст. преп.  Исеналиев  Н.К.

7

Современные методы  автоматизации

Новые  методы  автоматики

5В070200-АиУ,

3  курс

 

Реферат

научно-метод.  литературы, интернет

 

ноябрь, 2014

 

д.техн.н. Уразбаев  Б.Б.

 

8

Моделирование  процес. разг. нефтогазовых  месторождений

 

5В070800-НГД

Реферат

научно-метод.  литературы, интернет

декабрь, 2014

д.техн.н. Уразбаев  Б.Б.

9

 Mathеmatica арнайы бағдарламасын (компьютерлік алгеба жүйесі) математика талдау  сабағында пайдалану  жолдары

Математикалық талдау

5В060200-Инф.,

1  курс

 

СРС, доклад

научно-метод.  литературы, интернет

 

ноябрь, 2014

 

ст.преп. Мендигалиева Г.Х.

10

 Исследование качества процесса регулирования  методом моделирования  на  ЭВМ

Теория  автомат-ого  упровления

5В070200-АиУ,

3  курс

 

Курсовая  работа

научно-метод.  литературы, интернет

 

декабрь, 2014

 

д.техн.н. Уразбаев  Б.Б.

11

 Анализ и синтез  системы  автоматического  регулирования (САР) скорости вращения электродвигателя  постоянного  тока

Теория  автомат-ого  упровления

5В070200-АиУ,

3  курс

Курсовая  работа

научно-метод.  литературы, интернет

 

декабрь, 2014

 

д.техн.н. Уразбаев  Б.Б.

12

 Исследование  резонанса  в    последовательном  колебательном  контуре

Авт. электро  приборов

5В070200-АиУ,

4  курс

 

Реферат

научно-метод.  литературы

 

декабрь, 2014

ст. преп. Сарсенбаева  А.А.

13

 Исследование цепей синусоидального  переменного тока

 

ТОЭ

5В070200-АиУ,

2  курс

лаб.  работа

вертуальная  работа,

прикладной  пакет программ  EWR

 

март, 2015

 

ст.  преп.  Сарсенбаева  А.А.

14

  Применение элементы  дифф. геометрии при  решение прикладных  задач

Дифф.  геометрия

5В060200-Инф.,

2  курс

Реферат

научно-метод.  литературы

 

апрель, 2015

 

к.п.н.  Утепкалиев  С.У.

 

 Оқу үрдісінен тыс орындалатын студенттердің ғылыми-зертеу жұмыстары (СҒЗЖ)

СҒЗЖ тақырыптары

жұмыс түрі

студент, мамандығы

мерзімі

жауапты  оқытушы,

ғылыми-жетекші

1

Заман талабы  -  сапалы  инновациялық білім  беру

баяндама, семинар

Қалиева А.

5В060200-Инф. 4  курс

құркүйек,

2014

ф.-м.ғ.д. Ихсанов  Е.У.

2

Организовать и  составить план  работы СНО по  кафедре

 

СНО

группа  студентов

құркүйек,

2014

зав.  кафедрой,

магистр  Захарьяева  Г.Т.

3

Организовать и  составить план  работы   кафедрального  семинара   «Современные  проблемы  информатизации и  автоматизации»

 

кафедральный  семинар

для  студентов

қазан, 2014

руководитель  семинар

д.ф-м.н д., профессор

Ихсанов  Е.У.

4

Организовать по  специальностей  кафедры кружок под  названием  «Информатизация и  автоматизация» и  составить план  работы

кружок  «Информатизация  и  автоматизация»

члены  кружка

«Информатизация  и  автоматизация»

 

қазан, 2014

зав.  кафедрой,

оқытушы  Сидешева  Г.К.

магистр  Захарьяева  Г.Т.

студ. Ертаева  А.А.

5

Қашықтан оқыту  технологиясы

мақала, конференцияға

студент

желтоқсан,

2014

Утепқалиев  С.У.

6

Исследование  качества процесса  регулирования  методом  моделирования на  ЭВМ

доклад  на  конференции

 

желтоқсан,

2014

д.техн.н.  Уразбаев  Б.Б.

7

 

Алгоритм және  деректер қоры

зертханалық  жұмыстар  орындауға  нұсқау

5В060200-Инф.

мамандығы  студенттеріне  арналған

желтоқсан,

2014

аға  оқытушы 

Байжасарова  К.К.

8

Жобалау жүйесінде  автоматтандырудың  жаңа  технологияларын  қолдану бағыттары

конференцияға, семинарға  баяндама

 

желтоқсан,

2014

магистр  Захарьяева  З.Т.

 

9

Компьютерлік  алгебраның  дифференциалдық  және интегральдық  есептеулерде  қолдану

мақала,

конференцияға

 

желтоқсан, 2014

аға оқыт.  Меңдіғалиева Г.Х.

10

Компьютерлік  алгебраның  функцияларды  қатарларға жіктеу  және шектерді  есеплерге қолдану

мақала,

конференцияға

 

қаңтар, 2014

аға оқыт.  Меңдіғалиева Г.Х.

11

Автоматизация и  оптимизация   процессом транпортировки  нефти

на  республиканский конкурс  студенческих лучших научно-иссл. работ

5В070200-АиУ, 4 к., Айтмағанбетова  А.

 

январь-февраль, 2015

 

ст.преп.  Сарсенбаева  А.А.

12

Исследование  качества процесса  регулирования  методом  моделирования на  ЭВМ

на  республиканский конкурс  студенческих лучших  научно-иссл.  работ

 

 

январь-февраль, 2015

 

д.техн.н.  Оразбаев  Б.Б.

13

Замечательные точки  и прямые  треугольников

на  республиканский конкурс  студенческих лучших  научно-иссл.  работ

5В060200-Инф.

 

январь-февраль, 2015

к.п.н. Утепкалиев  С.У.

 

14

Мамандар даярлауда  компьютерлік  ақпараттық  технологияларды  оқу-тәрбие үрдісіне  пайдалану тиімділігі

мақала

семинар,

конфереция

студент

наурыз, 2015

аға  оқытушы 

Байжасарова  К.К.

 

15

Организовать  внутренную  студенческую   предметную  олимпиады в I, II  турах.

   

наурыз, 2015

аға  оқытушы

Меңдіғалиева  Г.Х.

16

Участие на  республиканской  студенческой

 предметной  олимпиады

подготовка    студентов 

на олимпиады

студенты

апрель, 2015

Утепкалиев  С.У.

Сидешева  Г.К.

магистр  Захарьяева  Г.Т.

руководитель  СНО

17

Ақпараттық  қоғамның қажеттілігі

мақала  конференцияға

студент

сәуір. 2015

аға оқытушы  

Исеналиев  Н.К.

 

5. Студентердің ғылыми-зерттеужұмыстары

Кафедра бойынша төмендегі студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысады.                                                  

студенттің аты-жөні

мамандық, курс, топ

зерттеу тақырыптарының бағыттары

ғылыми-жетекші

1

Қонысов  Қ.Қ.

5В060200-Инф, 4 курс, қ/т

Математика әдістемесі сұрақтарына компьютерлік технологияны қолдану

п.ғ.к., проф. Утепқалиев  С.У.

2

Ертаева  А.

5В060200-Инф, 4 курс, қ/т

Оқыту үрдісіне  инновациялық технологияны қолдану бағыттары

п.ғ.к., проф. Утепқалиев  С.У.

3

Селиверстов  С.

5В060200-Инф, 4 курс, о/т

Экономико-математические методы моделирования

п.ғ.к., проф. Утепқалиев  С.У.

4

Берікбаева  Ж.

5В060200-Инф., 4 курс, қ/т

Күрделі функциялардың графиктерін салудың  әдіс-тәсілдері және  графиктерді компьютерде орындау бағыты

аға оқыт.  Мендіғалиева Г.Х.

5

Жауынбаев  А.

5В070200-АиУ, 4 курс, қ/т

Математикалық есептерді шығаруда компьютерлік алгебраны  қолдану

аға  оқыт.  Мендіғалиева Г.Х.

                                                 

6. Оқу- әдістемелік жұмыс бойынша зертханалардың жабдықталу барысы

Оқу үрдісін қазіргі заманға сәйкестендіру, кафедраның материалдық–техникалық базасын үнемі жаңалап отыру, заманауи техникалық оқу құралдарын қолдану, компьютерлік техниканың үлес салмағын арттыру кафедраның жұмысының ең маңызды бөлігі. Академиялық пәндерді оқыту заманауи компьютерлер, ноутбуктер, электрондық проектор және т.б. құралдар көмегімен жүргізіледі, қазіргі білім беру технологиялары кеңінен қолданылады. Студенттердің білімін бақылау барлық пәндерге жуық компьютерде (Platon) электрондық тесттер көмегімен жүргізілді. Оқу материалы дәстүрлі түрде (кітаптар, әдістемелік оқулықтар және басқалар) және электрондық түрде де көрсетіледі, яғни, студенттер дәрістік материалдарды, бақылау сұрақтарын, тәжірибелік және зертханалық тапсырмалар материалдарын, компакт-дискада жазылған өздік жұмыстарға арналған үлестірме тапсырмалар таратылады, компьютерлік дискалар институттың оқу залында (кітапханасында) сақталған. Оқу жылы басында 5В070200-Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша институттың бас оқу ғимратындағы №303 оқу  зертханасы 10 компьютермен жабдықталды.

Кафедра бойынша №303, №316, №412 және №416 компьютерлік класс, электроника зертханасы, математика кабинеті жабдықталып, зерханаларға бірнеше қабырға көрнекі тақталар жасақталып ілінді, техникалық қауіпсіздендіру тақтасы ілінді, кафедраның  арнайы көрнекі тақтасы (дәлізде) және кафедра кабинетінде жасақталды.