Инженерлік техникалық пәндер кафедрасы

«Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасы

Қуанов Мағыпар Саламатұлы – «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к., профессор.

 

 ИТП кафедрасы туралы

“Инженерлік - техникалық” пәндер кафедрасы  2001 жылы құрылды.  Кафедрада 1 академик, 5 профессор, 2 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 3 академиялық доцент, 2 академиялық профессор, 2 магистр, 2 магистрант студенттерге  сапалы  білім беруде. Өз жұмысында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы оқытудың техникалық құралдарын пайдаланады: интерактивті тақта, интерактивті планшет, мультимедиялық проектор, диапроектор, экран. Кафедраның мамандандырылған аудиториялары плакаттармен, стендтермен және көрнекі құралдармен жабдықталған.

Кафедрада негізгі пәндер келесі циклдар бойынша оқытылады: 

  • 5В071900 «Радиотехника, электроника и телекоммуникациялар»;
  • 5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»;
  • 5B072900 «Құрылыс»
  • 5B070800 «Мұнай газ ісі»

 

5В070800 – Мұнай газ ісі

5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығының бакалавриат түлектеріне «техника және технология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. 

Мамандық түлектері келесі қызметтер  бойынша жұмыс жасай алады: инженер (I, II, III дәрежелі); мастер, мұнай және газ өндіру операторы; мастер, цех бөлімінің қабатты қысымын сақтау операторы; мастер, мұнай және газ қотару мен даярлау цехын жабдықтау операторы; скважиналарды зерттеу операторы; бас құрылыстар лаборанты; зертханашы, жобалау-конструкторлық ұйымдардың, жобалау институтының технигі; бұрғылау қондырғысының шебері; шебердің көмекшісі,  ұңғымаларды жер астындағы және күрделі жөндеу шеберінің көмекшісі.

 

5В072900 – Құрылыс

5В072900 – "Құрылыс" мамандығы бойынша бакалавриат түлектеріне "құрылыс бакалавры" академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектер келесі лауазымдарда жұмыс істей алады: ІІІ санатты  инженер-құрастырушы, ІІ санатты инженер-зертханашы, ІІІ санатты инженер-технолог, жөндеуші, техник, техник-құрастырушы, техник-лаборант, еңбек жөніндегі техник, техник-технолог.

 

5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

5В071900 – "Радиотехника, электроника және телекоммуникация" мамандығы бойынша бакалавриат түлектеріне "радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бакалавры" академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектердің кәсіби қызметінің саласы - телекоммуникациялық және ақпараттық желілерінің және жүйелерінің, компьютерлік технологиялардың бағдарламалық қамтамасыз етілуі, ақпараттық телекоммуникациялық жүйелерді сақтау. Кәсіби қызмет жүйесінің нысаны - телекоммуникациялар, радиобайланыс, теледидар, радиохабар, радиолокация мен навигация, радио арқылы басқару, телевизиялық және дыбыстық сигналдарды радиобарлаушы және радиоқабылдау, ұялы байланыс және т. б. болып табылады.

 

5В073200 – Стандарттау, метрология және сертификаттау

5В073200 – "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығының бакалавриат түлектеріне  "техника және технологиялар бакалавры" академиялық дәрежесі беріледі.

Кәсіби қызметінің саласы – белгілеу, іске асыру және бақылау нормаларын, ережелерін талаптарын, өнімге (қызметке), процеске (жұмысқа) және жүйеге оларды әзірлеу, өндіру, қолдану (тұтыну) және метрологиялық қамтамасыз етуге бағытталған  жоғары сапасы мен қауіпсіздігіне, өндіруші мен тұтынушы үшін өнімдер мен қызметтердің жоғары экономикалық тиімділігі.

Оқу жұмысынан басқа кафедрада әр түрлі бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Оқыту оқу жоспары бойынша жүргізіледі. Пәндерді оқыту - дәрістерді, семинар түрінде өткізілетін практикалық сабақтар мен оқу зертханалары мен компьютерлік класстарда өткізілетін зертханалық жұмыстарды қамтиды.

 

Факультет студенттерінің жетістіктері

Факультетте студенттік комитет жұмыс істейді. Оны жүргізуде – ғылыми-шығармашылық ұжымдарды құру, спорттық іс-шараларды өткізу, КВН, ұйым түрлі диспуттар, тренингтерді өткізу жұмыстары атқарылады. Студенттер үшін жатақхана салынды. Студенттердің иелігінде  асхана, спорт кешені, студенттер Сарайы бар. Оқытуда, ғылыми-зерттеу жұмысында жоғары нәтижелерге жеткен, сондай-ақ институттың қоғамдық өміріне белсенді қатысатын студенттерге, ректорлық стипендиялар мен танымал мұнай-газ компанияларының атауындағы стипендиялар тағайындалады.