Шетел тілі: екі шетел тілі кафедрасы

Кафедра Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің   бұйрығының негізінде  және  2001 жылғы  6 желтоқсандағы мемлекеттік АА № 0000065 лицензиясымен 2001 жылы құрылды.

Кафедра меңгерушісі - доцент, филология ғылымдарының кандидаты, Матжанова Мафруза Ахметжановна

Кафедра миссиясы

Біз 5В011900: «Шет тілі: екі шетел тілі » мамандығы бойынша  лингвистикалық базалық білімі бар, білім беруді дамытудың  2010-2020 жылдарға арналған ҚР Мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес, қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын және неміс тілін меңгеруді қоса алғандағы «үштілділік» бағытына сай, Атырау өңірінің қажеттілігіне сай бәсекеге қабілетті мамандарды даярлап, білім беруді ұсынамыз.  

 

Мақсат

Қазіргі заманғы дәуірдің ажырамас бөлігі ретінде, халықаралық стандарттардың талаптарына сай келетін, білікті мамандарды даярлауды жүзеге асыратын кафедра болып қалыптасу. 

 

Стратегиялық мақсат

  • Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
  • Білім мен ғылымды интеграциялауды  жүзеге асыру ;
  • Кафедраның бейінділігі бойынша білім беру бағдарламасының жүйесін жетілдіру;
  • Әрбір оқытушы мен студенттің жеке мүмкіндіктер, әлеуетін есепке алу; 

 

Сапа саласындағы саясат

  • Өңірдің қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерді меңгерген мамандарға деген қажеттіліктерін зерттеу;
  • Білім беру бағдарламасының ерекшелігін іске асыру үшін жағдай жасау;
  • Білім беру процесінің тиімді жұмыс істеуі;
  • Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының  жасампаздық әлеуетін есепке алу,  оны пайдалану тиімділігіне жету мақсатында білім беру бағдарламасын пайдалануға тұлғалық жоспарлау және оны іске асыру мүмкіндіктерін жасау;
  • Әрбір маманның өз оқу-әдістемелік жұмысының сапасын жақсарту қажеттілігіне тәрбиелеу, оқу-әдістемелік құралдар мен кешендер, электронды оқулықтарды әзірлеуді және жасауды жүзеге асыра отырып, өз кәсіби деңгейін тұрақты арттыру;
  • Кафедраның профессор-оқытушылар құрамын ғылыми-зерттеу қызметіне тарта отырып,  ғылыми мақалалар дайындау, өзекті лингвистикалық, әдістемелік, психологиялық, педагогикалық мәселелер бойынша ғылыми конференцияларға қатысу,   студенттерді СҒЗЖ-на тарту;
  • Қоғамдық өмірдегі студенттердің белсенділігін арттыруды қамтамасыз ету;
  • Өз іс - әрекеттерін түзей отырып, кәсіби қызметті талдауды жұмыс істеу процесіндегі мониторинг мәліметтерін пайдалана отырып жүзеге асыру;
  • Екі жақ тарапты қанағаттандыру мақсатында, жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастықты дамыту;
  • Студенттер мен түлектер үшін білім беру үрдісін жетілдіру мақсатында тығыз қарым-қатынас орнату; 

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы

"Шетел тілдері" кафедрасында жоғары білікті ғылыми дәрежелері және атақтары бар, білім беруде көп жылдық тәжірибесі оқытушылар, , магистрлер жұмыс істейді.  Кафедраның оқытушы-профессорлық құрамының  базалық білімі сапалы мамандар дайындау талаптарына сай;

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

  • Студенттердің білім сапасын жоғарылату мақсатында  модульдік және кредиттік технологияларды қолдану мәселелерін жетілдіру;
  • оқу процесінде инновациялық технологиялардың қолдану;
  • шет тілдерді оқыту әдістемесінің мәселелерін зерттеу;
  • ана тіліндегі және шет тіліндегі тілдік құбылыстарға салыстырмалы  талдау жүргізу;
  • кафедра пәндері бойынша оқу-әдістемелік оқу құралдарын жасау.

 

Матжанова Мафруза Ахметжановна, доцент, филология ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі;

 

"Тіл біліміне кіріспе", "Орыс тілі", "Кәсіби орыс тілі"  пәндері бойынша дәрістік және семинарлық сабақтар жүргізеді. Аталған пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендердің авторы. Студенттердің диплом алды тәжірибелеріне  басшылық  етеді.  Дипломдық жұмыстардың ғылыми жетекшісі болып табылады.  Халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, біліктілікті арттыру курстарының тұрақты қатысушысы. Ғылыми зерттеу саласы – салыстырмалы және типологиялық тіл білімі. Ғылыми мақалалардың, оқу және оқу-әдістемелік құралдардың авторы.

 

Оқу әдістемелік жұмыс

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы  5В011900 - "Шет тілі: екі шетел тілі" мамандығы бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асырады.

Оқытушылар құрамы элективті пәндер бойынша үлгілік бағдарламаларды құрастырады, жұмыс оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендер және 5В011900 "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығының оқу - жұмыс бағдарламасында қарастырылған пәндер бойынша кафедраның бейініділігіне сәйкес оқу-әдістемелік құралдар әзірлейді.

Тәрбие процесі

Тәрбие процесі Қазақстан Республикасы үкіметінің негізгі құжаттарына негізделеді, жоғары оқу орындарының білім беру ісінде және жастарды тәрбиелеуде бағыттаушы және реттеуші қызметіне, сондай-ақ идеологиялық даму бағыттары жарияланған Қазақстан Президентінің халқына Жолдауларында "Қазақстан – 2050" стратегиясына бағдарланады.

Жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

Жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы – оқу процесінің аса бір маңызды түрі және болашақ кәсіби қызметпен өте тығыз байланысты. Кафедрада “English Club” және  Deutsch mit Spaß" ғылыми студенттік үйірмелер қызмет атқарады. Үйірме мәжілістерінде германдық филологияның лингвистикалық және шет тілдерін оқыту әдістемесінің мәселелері талқыланады, студенттер баяндама жасайды және алынған ақпараттарды өзара талқыға салады, ағылшын және неміс тілінде пікірталас жүргізіледі;

 

Тәжірибе базалары және жұмыс берушілер

5В011900: «Шет тілі: екі шетел тілі » мамандығы бойынша оқитын студенттер, Атырау қаласының орта мектептерінде оқу және педагогикалық практикадан өтеді. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты  Атырау облысының мектептерімен келісімшартқа отырды

 

Оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы

Атырау  инженерлік-гуманитарлық институтының профессорлық – оқытушылық құрамы мен студенттер ортасында  академиялық ұтқырлықты жүзеге асыруда тәжірибе жүргізілуде.

Н.М.Какпанбаева, З.Р.Утарова, А.А.Муратова, С.Х.Карабалина сынды оқытушылар  «Научно-методологические и методические основы социальной педагогики» тақырыбындағы Ресей Мемлекеттік әлеуметтік институтының «Инновациялық технологиялар және әлеуметтік сараптау » орталығының ұйымдастырған 72 сағат көлеміндегі  біліктілікті арттыру курсынан өтті. сонымен қатар, оқытушылар әр түрлі жоғары оқу орындарындағы лекторлардың өткізетін семинарларына қатысады: мысалы, Гете- Институт лекторы Максим Меньшинның семинары.

Материалдық қор

«Шетел тілдер» кафедрасында жаңа  заманауи құрылғылармен жабдықталған лингофондық кабинет жұмыс істейді. Оқу персоналына мультимедиялық кабинет қолданылуға берілген. Аталған кабинеттер оқытушылар мен студенттерге оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып сабақ өткізуге мүмкіндік береді.