Академиялық ұтқырлық орталығы

 

 

«Академиялық ұтқырлық орталығының» директоры, магистр

Мукашева Айгул Жалелқызы

 

 

 

Академиялық ұтқырлық дамуы мен қолдануы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жоғары оқу орындарының қызметін жоғары білім берудің әлемдік үлгісіне сәйкестендіріп, академиялық ұтқырлықты қалыптастыру жүзеге асырылуға тиісті міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген. Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігін құраушы дамыған алдыңғы қатарлы елдердің басты ұстанымы Болон декларациясының қағидаларын басшылыққа алу болып табылады. Бұл қағидаларға жалпы білім берудің әлеуметтік бағыттылығын жүзеге асыру, жоғары білім беруде бәсекеге қабілеттілікті арттыру, бакалариат-магистратура-докторантура саталарынан тұратын өзара сабақтас академиялық білім беру жүйесін қалыптастыру, оқыту үдерісін кредиттік технологияның негізінде ұйымдастыру, оқу бағдарламаларының мазмұнын жетілдіре отырып, білім алушылардың академиялық ұтқырлығына қол жеткізу. Академиялық  ұтқырлық  бұл еліміздегі кез келген жоғары оқу орнында оқып жатқан білім алушының оқу орнын, оқу бағдарламасын, профессор-оқытушыны еркін таңдауына мүмкіндік беру, оқу кезеңнің аралығында білім алушының белгілі бір оқу бағдарламасын еліміздегі немесе шет елдегі жоғары оқу орнында игеруді жағдай жасау. Қазіргі таңда академиялық ұтқырлық екі бағыт бойынша жүзеге асуда. Сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық. Сыртқы академиялық ұтқырлық білім алушылардың шет елдердегі ЖОО-дарында оқуы, сонымен қатар зерттеуші-оқытушылардың шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелерде жұмыс жүргізуді білдіреді. Ішкі академиялық ұтқырлық деген білім алушылардың оқуы және зерттеуші-оқытушылардың қазақстандық ЖОО-да жұмыс істеуі Ұтқырлықтың негізгі мақсаты білім алушыға  өзі таңдаған мамандық бойынша көпжақты білім алуына мүмкіндік беру.

Бұл үрдісі біздің оқу орынымызда қалыс қалмады 2011 жылдан институтымыздың қабырғасында «Академиялық ұтқырлық» орталығы өз жұмысын бастаған болатын. Орталық студенттерінің ішкі және сыртқы ұтқырлығын ұйымдастыру жұмыстарын үйлестірумен айналысуда. Атырау инженерлік-гуманитарлық институттың сыртқы және ішкі академиялық икемділікке қатысуы жөнінде көптеген мысалдарды келтіруге болады.


Соның бірі сыртқы халықаралық байланыстағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенттері:

Қытай Республикасының Синьцян экономика және қаржы университетіне келісім-шарт бойынша 2015-2016 оқу жылының қырқұйектен желтоқсан айына дейін 3 - курс студенті Самекенова Айзада  және 4 - курс Загипарова Данагуль, Сейтмагамбетова Енлікгүл «Шет тілі» мамандығының студенттері ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқып келді.
Сонымен қатар, 2015-2016 оқу жылында Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университетімен   келісім-шарт жасақталып, 3 - курс «Мұнай газ ісі» мамандығының  екі студенті, Хасанов Ерболат және Өтемісов Бақтияр бір семестрге Орал қаласына оқуға жіберілді.
2016 - 2017 оқу жылының 1 қырқүйек және 4 желтоқсан аралығына дейін 3 - курс «Мұнай газ ісі» және «Құрылыс» мамандығының студенттері жоспар бойынша Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университетімен, Орал қаласына оқып келді:
 
5В072900 - «Құрылыс» 
Лян Владислав Эдуардович
Тайпанов Ануарбек Тлеукенович
 
5В072900 - Мұнай газ ісі
Базарбайұлы Дастан
Губайдуллин Ерлан Сабиденович
Жумагалиев Женисбек Тлекович
 
Ал, 2017 жылдың 1 ақпаннан бастап, 31 мамырға дейін, Ресей мемлекетінің, Қалмақ Республикасының мемлекеттік университетімен жасақталған келісім – шарт бойынша, 3 - курс «Шет тілі» мамандығының 3 студенті, академиялық бағдарлама бойынша оқуға жіберілді:
Жанбырбайқызы Ақбөбек
Темирболатова Жанаргуль
Каримолла Тогжан
 
 
Ішкі байланыс 
  • Жәнгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (Орал қаласы)
  • «Болашақ» Манғыстау институты (Ақтау)
  • М. Өтемисов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университет (Орал)
  • Х. Досмухамедов атындағы мемлекеттік университеті «Тұран-Астана» университеті  (Астана, 2013)
  • Баишев атындағы Актобе университеті (Актобе, 2014)
  • Қ. Сатпаев атындағы ұлттық техникалық университеті (Алматы, 2015)
  • Атырау мұнай және газ институты (Атырау, 2015)
  • Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация Қазақ академиясы (2015)
  • Батыс-Қазақстан инновация-технологиялық университеті  (Орал , 2016)
  • Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

 

Сыртқы байланыс

  • Синьцян эклномика және қаржы университеті  (Қытай, Урумчи)
  • Седльц  қаржы және басқару Жоғары мектебі (Польша мемлекеті)
  • Астрахань әлемдік экономика және қаржы институты  (ИМЭФ)
  • Астрахань мемлекеттік техникалық университеті 
  • Азейрбайжан мемлекеттік мұнай академиясы  ноябрь 2015
  • И.М. Губкин атындағы  мұнай және газ институты (Москва қаласы)
  • Қырғыз  экономикалық  университеті  (Бишкек) 
  • Қалмақ мемлекеттік университеті (Элиста)
  • Самара мемлекеттік техникалық университеті (Самара, 2016)
  • Волгоград мемлекеттік  университеті
  • Уфа техникалық мұнай мемлекеттік университеті

Академиялық ұтқырлықтың жетілдіру жолдары

Отандық жоғары оқу орының біріккен консорциумдары және бакалавриат деңгейінде  пилоттық  бағдарламалар жасақтау

- Оқу бағдарламаларды сәйкестендіру және біріккен оқу бағдарламаларын жасақтау;

- Жазғы семестрде, жазғы мектептер ашу және шақырту бойынша оқуды ұйымдастыру;

- Үштілдік білімді әрі қарай дамыту.