Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес орталығы

«АИГИ студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы» студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысы туралы

 

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында оқу процесінің ақпараттық ашықтығы мен айқындығын дамыту және сервистік қызметтерді оңтайландыру, өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік ортаны құру мақсатында «АИГИ студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы» студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды.

Орталық басшысы тәрбие бөлімінің меңгерушісі, аға оқытушы Тугельбаева Алтынай Тулегеновна, орталық басшысының орынбасары студенттік өзін - өзі басқару құрылымының мүшесі Мизамов Азамат. 

Орталықта студенттерге «бір терезе» қағидаты бойынша студенттерге әкімшілік, білім беру, медицина және консультациялық мәселелері жөнінде тиісті қызметтер көрсетіледі.

Біздің мақсатымыз білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін түп-тамырымен жою, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.

Орталық жоспары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұдайы өткізіледі.

Институт бойынша +7 (7122) 31-93-02, 31-93-04 сенім телефондары жұмыс жасайды. Институт оқытушылары мен қызметкерлері тарапынан құқық бұзушылық немесе сыбайлас жемқорлық жайлары орын алған жағдайда көрсетілген сенім телефондары бойынша хабарланады.

Білім беру саласының әрбір қызметкері сыбайлас жемқорлық көріністерінің болдырмауын көкейінде ұстауы және олардың алдын алу мақсатында барынша атсалысуы қажет.

 

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының 2016-2017 жылдарға арналған оқу процесінің ақпараттық ашықтығы мен айқындығын дамыту және сервистік қызметтерді оңтайландыру, өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік ортаны құру мақсатында «АИГИ студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты студенттерге қызмет көрсету орталығының іс-шаралар

 

ЖОСПАРЫ

 

р/с

Іс-шараның атауы

Қорытындылау түрі

Жауаптылар

Орындалу мерзімі

1.

Институт ректорының бірінші курс студенттерімен кездесуін ұйымдастыру

Есеп

Мұхтаров М.Х.,

Тәрбие бөлімі

Қыркүйек, ақпан

2017 жыл

2.

Ректорат және Ғылыми кеңес мәжілістерінің күн тәртібіне енгізілген сұрақтар мен шешімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын заңнамаларға сәйкестігін талдау

Хаттамаларды талдау

Мұхтаров М.Х.,

Сүлейменова Ж.У.,

Тугельбаева А.Т.

Жыл бойы

3.

Жоғары оқу орнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізген іс-шаралары туралы Интернет-ресурстарда сайттың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Сайтқа енгізу

жаңа ақпараттық технологиялар орталығы

Қараша 2016 ж.

4.

Институтта сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтар  көрсетілімін ұйымдастыру

Бейне роликтарды көрсету

жаңа ақпараттық технологиялар орталығы

Жылына екі рет

5.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен ескерту мақсатында студенттер арасында жемқорлыққа қарсы төзімсіздік жәнежемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізу

Студенттердің әлеуметтік сауалнамасы

Оқу бөлімі,

Тәрбие бөлімі

Жылына екі рет

6.

Жемқорлық көріністерге нөлдік төзімсізділікті қалыптастыру және белсенді азаматтық ұстанымды таныту үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты жастар акциясын  өткізу

Жастар акциясы

Тәрбие бөлімі

Жылына бір рет

7.

Институттың барлық мамандықтары үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнін оқу жоспарына енгізу және пән бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар енгізу

Тақырыптық жоспарға сәйкес

Оқу бөлімі,

«Математика және  жалпы білім беру» кафедрасы

Оқу жылы басында

8.

«Таза сессия» атты мониторинг өткізу

Мониторинг

Мұхтаров М.Х.,

Сүлейменова Ж.У.,

Тәрбие бөлімі

Жылына екі рет

9.

Институт ғимаратына «Сенім жәшігін» орнату

Хаттар саралау

Мұхтаров М.Х.,

Сүлейменова Ж.У.,

Тәрбие бөлімі

Сессия уақытында

10.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда дәріс оқу

Дәріс

«Математика және  жалпы білім беру» кафедрасы

Жылына екі рет

12.

Бұқаралық ақпарат құралдарында институттың сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша жүргізген жұмыстары туралы материалдарын жариялау

Басылымдар

Декандар,

Тәрбие бөлімі

Жыл бойы

13.

Институт қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы аясында баннер, плакаттар ілу

Плакаттар, баннер

Декандар,

Тәрбие бөлімі

оқу жылы барысында

2017 жыл

 14.

Елбасы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-і қадамын жүзеге асыру мақсатында, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңымен аппарат, басқарма қызметкерлері мен бағынышты мекемелердің басшылары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру сипатындағы семинарлар өткізілді

Есеп

Тәрбие бөлімі

қаңтар-сәуір

2017 жыл

         

15.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» конференция 

Жинақ

Ғылым бөлімі

1 ақпан

2017 жыл

16.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»  апталық

Есеп

Тәрбие бөлімі

1- 4 ақпан

2017 жыл

17.

АИГИ профессор оқытушылары мен студенттері арасында жиын

Есеп

Ректорат

3 ақпан

2017 жыл

18.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ищанов Қайрат Қыдырбайұлымен кездесу

Есеп

Тәрбие бөлімі

9 ақпан

2017 жыл

19.

Республикалық телекөпір

Есеп

Мұхтаров М.Х.,

Оқу бөлімі

ақпан,сәуір

2017 жыл

20.

Арнайы мамандардың қатысуымен кураторлармен бірлесіп кеңейтілген ректорат

«Сыбайлас жемқорлықты болдырмау- бүгінгі күннің өзекті мәселесі».

Хаттама

Ректорат

15 ақпан

2017 жыл

21.

 

«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» дөңгелек үстел

Есеп

«Экономика және кеден ісі» кафедрасы

23 ақпан

2017 жыл

22.

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Ғилажев Ринат Маратұлымен және депутаттармен кездесу

Есеп

Тәрбие бөлімі

24 ақпан

2017 жыл

23.

«Жемқорлық пен парақорлыққа жол жоқ» кураторлық сағат

Есеп

Кураторлар

12 сәуір

2017 жыл

24.

#Антипара интернет-флешмоб

Есеп

Студенттік өзін-өзі басқару құрылымы

17 сәуір

2017 жыл

25.

ІІД, прокуратура, ҚҰК департаменті, әділет департаменті, облыстық сот өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу

Есеп

Мұхтаров М.Х.,

Сүлейменова Ж.У.,

Тугельбаева А.Т.

27 cәуір

2017 жыл

26.

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы  ұранымен «Салауатты ұрпақ» жобасы аясында волейболдан студенттер арасында турнир

Есеп

Тәрбие бөлімі,

Сдобников Ю.П.

28 cәуір

2017 жыл

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары оқу орнындағы атқарылған жұмыстар

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында әрі институт қызметкерлері мен студенттерінің жемқорлыққа төзімсіздік көзқарасын арттыру үшін Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық құрылды. Орталықтың іс-жоспары негізінде институттың бірінші қатары фойесінде «Сенім жәшігі» қойылды. «Сенім жәшігіне» әрбір ынта танытқан қызметкер мен студенттер институт әкімшілігінің тарапына өздерінің арыз-шағымдары мен ұсыныстарын салуға толық мүмкіндік туғызылды.