Инновациялық технология және зертханалық зерттеу орталығы

ЛИКАРОВ МҰРАТ ЛИКАРҰЛЫ

Техника ғылымдарының кандидаты, профессор

Инновациялық технология және зертханалық зерттеу орталығының директоры

 

2015 жылдың қыркүйегінен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Инновациялық технология және зертханалық зерттеу орталығы» ашылды.

Орталық директоры болып техника ғылымдарының кандидаты, профессор, институттың ғылыми кеңесінің мүшесі - Ликаров Мұрат Ликарұлы сайланды.

 

Ликаров Мұрат Ликарұлы 1955 жылы 8 мамырда, Семей облысының, Жармин ауданының , Шар станциясында дүниеге келген.

Білім жоғары:

1987 жылы Мәскеулік инженерлік теміржол көлік институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірді.

1991 жылы Одессаның  метрология және сапа училищесін инженер-метролог мамандығы бойынша аяқтады.

Кәсіби тәжірибесі:

2000ж. Атырау мұнай газ институты, «Инженерлік сараптама» кафедрасының аға оқытушысы. «Стандарттау, метрология и  сертификаттау» кафедрасының доценты, «Диагностика және бақылау» зертханасының меңгерушісі, «СҒЗЖ» бөлімінің басшысы (студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы).

2014 ж. бері Атырау инженерлік-гуманитарлық институты, техника ғылымдарының кандидаты, «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасының профессоры.

2015ж. бері «Инновациялық технология және зертханалық зерттеу орталығының» директоры.

Оқу құралдарының авторы:

1.  «Каспий маңы метрологиясы»;

2.  «Метрология»;

3.  «Диагностика және тұтас бақылау»;

4.  «Метрология негіздері және техникалық өлшемдер»;

5.  «Метрология негіздері және техникалық өлшем құралдары»;

6.  «Өндірістің метрологиялық қамтамасыздандырылуы».

7.  ҚР және ТМД елдеріндегі журналдар басылымдарындағы 45 ғылыми мақала.

 «ЦК ВЛКСМ», «ЦК КНПК» мақтау қағазымен, ҚР және РФ алғыс хаттарымен марапатталған. ««Невада-Семей – 20 жыл» Халықаралық ядерға қарсы қозғалыстағы белсенділігі үшін», «ЖОО дамуына қосқан үлесі үшін -25,30лет», «Каспий өңірінің ЖОО қауымдастығына 10 жыл», «КПРФ РФ - 95 жылВЛКСМ», РФ «Белсенді азаматтық ұстаным мен отансүйгіштік үшін», ҚР«Ұлт мақтанышы» медальдарьмен марапатталды.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтындағы «Инновациялық технология және зертханалық зерттеу орталығының» жүргізетін жұмысы, ҚР №407-ІҮ 2011 жылдың 18 ақпанындағы «Ғылым туралы» заңында көрсетілген Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму стратегиясының міндеттері мен мақсаттарына толықтай сәйкес келеді.  Институттың ғылыми –зерттеу қызметі ЖОО-ның (кафедра, зертхана бөлімдерінің жұмыс жоспарына)  бекітілген жоспарына сай жүргізіледі.

«Инновациялық технология және зертханалық зерттеу орталығының»

Қызметінің негізгі мақсаты:  

Мамандарылған,арнайы кабинеттерде, ЖОО –ның зертханасында профессорлық-оқытушылық құрамның жетекшілігімен жаратылыстану-техникалық ғылым саласында студенттік ғылыми-тәжірибелік зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру.

Мұнай саласында жоғары білікті мамандарды даярлауда көмек беру, яғни тәжірибеден өтуге, дипломдық жұмыстың тәжірибелік бөлігін орындауда, магистерлік диссертацияға, ғылыми зерттеу жұмыстарына сеп тигізу.

Студенттердің зертханалық-практикалық жұмыстарын орындау үшін, зерттеулер жүргізіп, ғылыми-техникалық міндеттерді шешу үшін, зертханалардың материалдық-техникалық базасы заманауи инновациялық-технологиялық құрылғылармен, стенд, құралдармен  мамандық бағыттарына сай жабдықталған:

«Автоматтандыру және басқару»;

«Мұнай газ ісі»;

«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»;

«Стандарттау, метрология және сертификаттау»;

«Информатика»;

«Физика»;

«Химия»;

«Құрылыс».

Профессорлық-оқытушылық құрамның жетекшілігімен мамандандырылған зертханаларда студенттердің ғылыми үйірмелер ашылып, жұмыс істеуде.

Мусина Заримат Даулетиярқызы «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор «Мұнай газ ісі» мамандығы үйірмесінің жетекшісі, 3-курс студенттерімен сынақ стендінде зерттеу жұмысын жүргізуде. «Оқу-зертханалық стенд - НТЦ-11.02.С «Штангті сорғы орнату моделі».

Тимбаев Ақболат Бактыгерейұлы, «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасының доценті, 3-курс студенттерімен зертханалық зерттеу жүргізуде, әртүрлі жылу алмастырғыш құрылғыларды компьютерлік бағдаламалы зертханалық стендте сынақтан өткізуде. 

Жангереева Галина Жайсановна – «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының профессоры, 2-курс студенттерімен электротехника негіздері тарауы бойынша практикалық жұмыс жүргізуде. 

Ликаров Мұрат Ликарұлы - техника ғылымдарының кандидаты, «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасының профессоры, 3-курс студенттерімен «Сандық өлшеу қысым құралдарының шығын-серпінді сипаттамасы, компьютерлік бағдарламалы сорғының әр түрлі типі» туралы зертханалық зерттеулер жүргізуде.

Дүйсенова Гульжанат Мендыгереевна, «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының магистрі, 2-курс студенттерімен НТЦ-9-12 «Автоматика және  есептеуіш техника негіздері»  компьютерлік бағдарламалық стендінде практикалық жұмыс жүргізуде.

Мырзағали Айдана Төлеуқызы - «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасының магистрі, 2- курс студенттерімен компьютерлік бағдарламалы зертханалық стендте дифференциалдау және интегралдау тізбегінің жиілік сипаттамасы бойынша зертханалық жұмыс жүргізуде.