Қашықтықтан оқыту

Қашықтықтан оқыту бөлімінің директоры - Демесинов Сейтжан Сырымбайұлы

Қашықтықтан оқыту бөлімінің меңгерушісі - Демесинов Сейтжан Сырымбайұлы

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының қашықтықтан оқыту факультеті   облысымыздың экономика және мұнай салаларының мамандарын даярлауда жоғары оқу орындарының жаңа оқыту үрдісімен білім беріп, бәсекеге қабілетті мамандар даярлайды. 

Институтқа білім берумен шұғылдануға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің № 472 бұйрығымен  № 000065 мемлекеттік лицензиясы 17 маусым 2001 жылы берілген.

Факультет қазіргі заманғы инновациялық технологиялары,  оқу-өндірістік базасы мен оқулықтар және ғылыми-техникалық әдебиеттермен қамтамасыз етілген. Сырттай оқитын студенттер институт кітапханасын, оқу залдарын, Интернет желісін, компьютерлік сыныптарды, лингафондық кабинетті және тағы басқа да жабдықтарды күндізгі оқу бөлімінің студенттерімен бірдей пайдаланады.

Сабақ қазақ және орыс тілдерінде кредиттік жүйе бойынша оқытылады. Кредиттік оқыту үрдісінде студенттерге соңғы инновациялық «Платон» автоматтандырылған жүйесі қолданылады.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының қашықтықтан оқыту факультеті төмендегідей мамандықтарды даярлайды:

  • 5В070800 Мұнай-газ ісі
  • 2В070200 Автоматтандыру және басқару
  • 5В072900 Құрылыс
  • 5В071900 -Радиотехника, электроника және телекоммуникация
  • 2В073200 -Стандарттау, метрология және сертификаттау
  • 5В060200 -Информатика
  • 5В050600 -Экономика
  • 5В050900 -Қаржы
  • 5В030400 -Кеден ісі
  • 5В011900 -Шет тілі: Екі шет тілі

 

Мамандықтар бойынша біліктілік сипаттамасы

 

5В070800 – Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша бітірушілерге техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Мұнай-газ ісі мамандығы түлектері төмендегідей қызметтер атқара алады: инженер (І, ІІ, ІІІ категория); мұнай және газ өндірудің шебері, операторы;  қабат қысымын ұстау цехының операторы, шебері; бас құрылғы лаборанты; жобалау институты, жобалау-конструкторлық бюро лаборанты, маманы, технигі; бұрғылау қондырғысының шебері; ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу шеберінің көмекшісі.

5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығы түлектері автоматтандыру және басқару бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Түлектерді өндірістің барлық саласында ақпаратты өңдеу әдістері мен құралдарын қолдана отырып басқаруына байланысты техникалық жүйелерде автоматтандыру, ақпараттандыру және басқару аумағында жұмыс істеуге дайындайды.

5В072900 – Құрылыс мамандығы түлектеріне құрылыс бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Бұл мамандық бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

- өндірістік-басқарушылық және инженерлік жүйелердің жабдықтарын жаңғырту, тұрғызу бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстарын атқаратын құрылыс машиналарын, механикалық, электрлік жабдықтарын және автоматтау құралдарын пайдаланатын және жөндейтін ұжымдарды басқару;

- жобалық-конструкторлық-инженерлік жүйелерін, механикалық және электорлық жабдықтары мен механизациялау құралдарын тұрғызу және жаңғырту бойынша жобалық-конструкторлық жұмыстарын орындау;

- ұйымдастыру-технологиялық – муниципалдық ұйымдар мен кәсіпорындарының құрылыстық жұмыстарын ұйымдастыру.

Кәсіби қызметтің бағыттары: өнеркәсіптік, көліктік, коммуналдық тағайындаудағы нысандарды жобалау, құрылысты салу және пайдалану.

5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығы  түлектеріне радиотехника, электроника және телекоммуникация бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Біліктілік талаптарына сәйкес түлектер І категориялы техникедтің бастапқы қызметтерінде, кіші ғылыми қызметкерлердің, инженер лаборанттардың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, конструкторлық-жобалау ұйымдарының инженерлері т.б. қызметтерде жұмыс істей алады.

Бұл мамандықтың кәсіби қызмет ету салаларына төмендегідей қызметтер жатады: телекоммуникациялар, радиобайланыс, теледидар, радиохабар тарату, радиолакация мен навигация, радиобасқару, таратушы, қабылдаушы радиоорталықтары, телеорталықтар, жылжымалы байланыс, радиотехниканың арнайы құрылғылары, электрондық және компьютерлік, микроконтроллерлер мен микро ЭВМ-дер көмегімен басқарылатын жүйелер.

5В073200 –  Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығы бойынша бітірген түлектерге техика және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Кәсіби қызметтің саласы – өнімге (қызметке) процеске (жұмысқа) және жүйеге қойылатын өнім мен қызметтердің жоғары сапасы мен қауіпсіздігіне, өндіруші мен тұтынушы үшін жоғары экономикалық тиімділікке бағытталған талаптарды, нормаларын, ережелерін анықтау, іске асыру және бақылау.   

050600 – Экономика мамандығы бойынша бітірген түлектерге экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Кәсіби қызметтің салалары мемлекеттік органдар, барлық меншік нысанындағы мекемелер, ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буынындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің басқару органдары және ғылыми зерттеу мекемелері болып табылады.

Экономика және бизнес бакалавры экономист, аналитикалық, ұйымдастырушылық (әкімшілік) және білім берушілік (оқытушылық) қызметтерді келесі салаларда атқара алады: ұйымдық нысандары әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде, салалық және өңірлік нарықтардың қызметін зерттеу; кәсіпорынның менеджмент жүйесін жетілдіру; кәсіпорынның экономикалық стратегиясын қалыптастыру; мемлекеттік, салалық және фирмаішілік деңгейде әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу.

5В050900 – Қаржы мамандығы бойынша бітірген түлектерге қаржы бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Біліктілік талаптарына сәйкес қаржы баралаврлары мынандай лауазымдарды атқара алады: бас және жетекші қаржы маманы, қаржы сарапшысы, аудиторы немесе ревизоры,

коммерциялық менеджер, сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі маман; республикалық аймақтық және муниципалдық деңгейдің мемлекеттің органдарында, банктерде, биржаларда, қаржы және сақтық компанияларында, инвестициялық қорларда, ҚР-сы Қаржы министрлігінде, ұлттық банкте, мемлекеттік емес зейнетақы қорларында, қазынашылық органдарында, түрлі деңгейдегі әкімшіліктердің жандарындағы қаржы басқармалары мен бөлімдерінде, меншіктік барлық нысандарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы қызметтерінде, жоғары кәсіби білімді қажет ететін лауазымдарда жұмыс істейді.

5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша бітірген түлектерге білім бакалавры (шет тілдері) академиялық дәрежесі беріледі.

Біліктілікке сәйкес бастауыш, орта білім беретін және бейінді (профильді) мектепте бір немесе екі шетел тілінің (еуропалық немесе шығыс тілдерінің біреуі) мұғалімі; мамандырылған мектеп мұғалімі (шетел тілдерін тереңдетіп оқытатын және бірқатар пәндерді шетел тілінде оқытатын мектептер); техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде шетел тілдері мұғалімі ретінде кәсіби іскерлігін жүзеге асырады.

5В030400 – Кеден ісі мамандығы түлектеріне кеден ісінің бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Кәсіби қызмет салалары: кеден органдары, салық қызметі, қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру, қазынашылық, дәрменсіз борышқорлармен жұмыс істеу, қаржы полициясы, ішкі істер, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік қызметі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдары, білім беру жүйелері болып табылады.

060200 – Информатика мамандығы бойынша бітірген түлектерге информатика бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Информатика бакалавры мынандай мамандыққа ие болады: программалаушы, компьютерлік дизайн, WEB-программисі, кәсіпкелік құрылымдар, басқару ұйымдарында деректі қор жобалаушысы, есептеуіш және компютерлік орталықтарда, компьютерлік желілер жүйелік админстраторы, криптография облысында, компьютерлік желілердің қауіпсіздігі мен қорғау облысындағы маманы, нформатика оқытушысы, компьютерлік цикл қызметі, информатик және математиктер, білім беру мекемелерінде деңгейлі және басқа лауазымдар; ІТ-технологияларын кәсіптік қызметін қолдаумен байланысты лайықты мамандықтар жұмыс берушінің талабына сәйкес.

Түлектердің кәсіби қызмет объектісі жобалау және ғылыми-зерттеу институттары, басқару органдары, ақпараттық технологиялар департаменті, қаржылық ұйымдар, бизнес-структуралар, білім беру мекемелері, оқу орындары, өнеркәсіптік өндірісі бола алады.