Экономика - гуманитарлық факультеті

Факультет деканы Қабылхамитов Ғалымжан Тоғайбайұлы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор

 

ФАКУЛЬТЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

 

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты күндіз оқыту факультеті институттың басты құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Факультетте оқыту, оқу-әдістемелік, тәрбие жұмыстары жүргізіледі.

Негізгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру стандарттары талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Оқу үрдісінде факультет Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Жарлығына сәйкес қызмет етеді.

Жоғары оқу орнында білім беруде адамның игерген білім дағдысымен шектеліп қоймай, оның шығармашылық белсенділігін, кәсіби біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, ғылыми көзқарасын қалыптастыру қажет. Бұл бағытта барлық кафедра мүшелері оқу-жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс жасап келеді.

Күндізгі оқыту факультеті өңірдегі кәсіби мамандардың қажеттілігіне сай төмендегі мамандықтар бойынша сабақ жүргізеді:

5В050600 – «Экономика»

5В011900 – «Шетел тілі: екі шет тілі»

5В030400 – «Кеден ісі»

5В050900 – «Қаржы»

Оқыту ақылы негізде жүргізіледі. Жалпы орта білім негізінде (4 жыл);

Орташа кәсіптік білім негізінде (3 жыл); Жоғары білім негізінде (2 жыл).

Мамандықтар бойынша біліктілік сипаттамасы

050600 – Экономика мамандығы бойынша бітірген түлектерге экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Кәсіби қызметтің салалары мемлекеттік органдар, барлық меншік нысанындағы мекемелер, ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буынындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің басқару органдары және ғылыми зерттеу мекемелері болып табылады.

Экономика және бизнес бакалавры экономист, аналитикалық, ұйымдастырушылық (әкімшілік) және білім берушілік (оқытушылық) қызметтерді келесі салаларда атқара алады: ұйымдық нысандары әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде, салалық және өңірлік нарықтардың қызметін зерттеу; кәсіпорынның менеджмент жүйесін жетілдіру; кәсіпорынның экономикалық стратегиясын қалыптастыру; мемлекеттік, салалық және фирмаішілік деңгейде әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу.

5В050900 – Қаржы мамандығы бойынша бітірген түлектерге қаржы бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Біліктілік талаптарына сәйкес қаржы баралаврлары мынандай лауазымдарды атқара алады: бас және жетекші қаржы маманы, қаржы сарапшысы, аудиторы немесе ревизоры,

коммерциялық менеджер, сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі маман; республикалық аймақтық және муниципалдық деңгейдің мемлекеттің органдарында, банктерде, биржаларда, қаржы және сақтық компанияларында, инвестициялық қорларда, ҚР-сы Қаржы министрлігінде, ұлттық банкте, мемлекеттік емес зейнетақы қорларында, қазынашылық органдарында, түрлі деңгейдегі әкімшіліктердің жандарындағы қаржы басқармалары мен бөлімдерінде, меншіктік барлық нысандарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы қызметтерінде, жоғары кәсіби білімді қажет ететін лауазымдарда жұмыс істейді.

5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша бітірген түлектерге білім бакалавры (шет тілдері) академиялық дәрежесі беріледі.

Біліктілікке сәйкес бастауыш, орта білім беретін және бейінді (профильді) мектепте бір немесе екі шетел тілінің (еуропалық немесе шығыс тілдерінің біреуі) мұғалімі; мамандырылған мектеп мұғалімі (шетел тілдерін тереңдетіп оқытатын және бірқатар пәндерді шетел тілінде оқытатын мектептер); техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде шетел тілдері мұғалімі ретінде кәсіби іскерлігін жүзеге асырады.

5В030400 – Кеден ісі мамандығы түлектеріне кеден ісінің бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Кәсіби қызмет салалары: кеден органдары, салық қызметі, қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру, қазынашылық, дәрменсіз борышқорлармен жұмыс істеу, қаржы полициясы, ішкі істер, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік қызметі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдары, білім беру жүйелері болып табылады.