Инженерлік - техникалық факультет

Инженерлік–техникалық факультеті институт Ғылыми Кеңесінің № 085-1 шешімімен 2015 жылдың 31 тамызында құрылды.

 

Факультетте екі кафедра жұмыс жасап, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішінің екі бағыты бойынша кәсіби мамандар даярлайды:

Жаратылыстану ғылымдары бағыты бойынша:

5В060200 - Информатика

 

Техникалық  ғылымдар және технологиялар  бағыты бойынша:

5В070200 - Автоматтандыру және басқару

5В070800 - Мұнай-газ ісі

5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

5В072900 - Құрылыс

5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау

 

Білім алушылар үшін 33 оқытушы-профессор қызмет етіп, олардың ішінде 3 ғылым докторы, профессор, 12 ғылым кандидаты, доцент, 5 академиялық профессор, 12 ғылым магистры.

Барлық мамандықтар бойынша студенттер үшін сапалы білім алуына жан-жақты мүмкіндіктер қарастырылған. Әр кафедраның пән кабинеттері күнделікті сабаққа қажетті көрнекі құралдармен жабдықталған.

Кафедраларда ғылыми үйірмелер жұмыс жасап, жекелеген студенттер республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатынасуда.

Жекелеген студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда. Атап айтқанда, 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттері Шармуханбетова Мөлдір, Сагиева Аселхан М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында, 5В070200-Автоматтандыру және басқару мамандығының студенттері Байжұмаев Нұрболат пен Гилажев Ислам Астрахань мемлекеттік университетінде білім алып қайтты.

Факультетте негізінен ауылдық мектепті бітірген балалар оқығандықтан, олардың жан-жақты білім мен тәрбие алуларына барлық тұрмыстық жағдай жасалынған. Бүгінгі заман талабына сай жабдықталған оқу корпусы, кітапхана, асхана, спорт зал және жатақхана  бір жерде орналасқан.

Институт ауласы жасыл желекпен көмкеріліп, студенттердің бос уақыттарында спорттық және түрлі мәдени іс-шаралармен шұғылдануына толық жағдай жасалынған.

Факультет ұстаздары студенттерге білім мен тәрбие берумен қатар, әр саладағы іргелі және қолданбалы  ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысуда.

Институттың материалдық-техникалық базасы бүгінгі заман талабына сай жабдықталған. Интернетке қосылған компьютерлік зертханалар мен электронды кітапхана есігі әрқашан да талантты жастар үшін  ашық.

 

Қасенов Сұлтан  Қапасұлы

 

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Инженерлік-техникалық факультетінің деканы

Байланыс тел: 8 (7122) 31-93-08

e-mail: s.k.kasenov@mail.ru


Қақпанбаева Нұрайна Мелісқызы

 

Педагогика ғылымдарының магистрі

Инженерлік-техникалық факультеті деканының орынбасары

Байланыс тел: 8 (7122) 31-93-08

e-mail: nuraina70@mail.ru


Шакибаева Айгүл Нұрланқызы

 

Инженерлік-техникалық факультетінің диспечері

Байланыс тел: 8 (7122) 31-93-08

e-mail: aiko_25.04.92@mail.ru