Студенттердің ар-намыс кодексі

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты  студенттерінің қауымдастығы:

  • Институттың 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы және миссиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін сезіне отырып,
  • Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру орындарының бірі ретінде АИГИ имиджін және корпоративті мәдениетін дамыту мен қолдауды өзінің міндеті ретінде санай отырып,
  • АИГИ студенттері, оқытушылары, қызметкерлері және жоғарғы оқу орнының әкімшілігі арасында шынайы демократиялық қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла отырып,

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты студентінің осы Ар-намыс Кодексін қабылдайды және оны қалтықсыз орындауға міндеттенеді.

1-бап.
АИГИ студенті Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты Жарғысын, ішкі тәртіп Ережесін, студенттер үйінде тұру Ережесін, АИГИ профессор-оқытушылар құрамының, қызметкерлері мен студенттерінің этикалық Ережесін және оқу-тәрбие үдерісін реттейтін басқа нормативті-құқықтық актілерді сақтауға міндеттенеді.

2-бап.
АИГИ студенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу тарихын біледі және қастерлейді, институт дәстүрлерін кіршіксіз сақтап, құрметтейді.           
 
3-бап.
АИГИ студенті басқа студенттермен, оқытушылармен және қызметкерлермен, әкімшілікпен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік және ұқыптылық танытады. 
 
4-бап.
АИГИ студенті кез-келген азаматтың шығу тегі мен ұлтына, әлеуметтік дәрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан құрметпен қарайды, ұлтаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі идеясы мен қағидаттарын насихаттайды.
 
5-бап.
АИГИ студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң орындайды, төмендегідей академиялық, этикалық және құқықтық нормаларды бұзушылыққа жол бермейді:

  • плагиат;
  • алдау;
  • білімді бақылаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында шпаргалка пайдалану, көшіру және біреуден сұрау;
  • жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарды пайдалану;
  • пара беру;
  • оқытушыны алдау және оны сыйламау;
  • сабақтарды себепсіз жіберу және кешігу.

6-бап.
АИГИ студенті Қазақстанның болашақ экономикалық, саяси және басқару элитасына лайықты сапалы және бәсекеге қабілетті білім алу идеясын насихаттайды.       
 
7-бап.
АИГИ студенті институт мүлкінің сақталуына қамқорлық жасайды және институт аумағында құқық бұзушылықтардың орын алуына жол бермейді. 
 
8-бап.
АИГИ студенті институттың кітапханалық-ақпараттық ресурстарына ұқыпты қарайды және бұл ресурстарға қатысты салғырт қараушылық пен нұқсан келтірушілікке жол бермейді.        
 
9-бап.
АИГИ студенті ұқыпты киінеді. Оның сыртқы түр-келбеті зайырлы қоғамның жалпыға ортақ этикалық нормаларына сәйкес келеді.           
 
10-бап.
АИГИ студенті салауатты өмір салтын ұстанады, өзінің мәдени, адамгершілік және тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмтылады, институттың қоғамдық-мәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсене атсалысады.
 
11-бап.
АИГИ студенті институтта және оның аумағынан тыс жерлерде де құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге тиіс.          
 
12-бап.
АИГИ студенті елдегі тәртіптің тұрақсыздануына әкеп соғатын ақпараттың таратылуына жол бермеуі, сондай-ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдерге, акцияларға және шерулерге қатыспауы тиіс.      
 
13-бап.
АИГИ студенті институт мүддесіне қайшы келетін және оның имиджі мен беделіне нұқсан келтіретін кез-келген іс-әрекетке қатысудан бой тартады.  
 
14-бап.
АИГИ студенті студенттік қоғамдастыққа кіретінін мақтаныш тұтып, корпоративті біртұтастық сезім қалыптастырады.     
 
15-бап.
АИГИ студенті аталған Кодекс ережелерінің бұзылуын байқаған сәтте оны өз күшімен түзетуге тырысады, ал мұндай әрекет мүмкін болмаған жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына немесе АИГИ әкімшілігіне хабарлауға құқылы.