«Гладиатор» пікірсайыс клубы

1. Жалпы қағидалары 

1) Атырау инженерлік-гуманитарлық институт «Гладиатор» пікірсайыс клубы (әрі қарай-ПК) – институт деңгейінде студенттердің шешендік шеберліктерін, көшбасшылық қасиеттері мен ұйымдастырушық қабілеттерін дамыту үшін ерікті түрде құрылған студенттердің қоғамдық ұйымы.

2) Турнир – жоғарыда айтылған шеберліктер мен қасиеттерді қаншалықты меңгергені жайлы мәлімет беретін, өзін-өзі бағалауға бағытталған ПК құрамындағы фракциялар арасындағы жарыс.

3) Фракция – ПК құрамындағы 2 спикерден тұратын команда.

4) Спикер – ПК толық құқылы мүшесі ретінде қабылданып, спикерлігін дәлелдейтін куәлігі бар мүшесі.

5) Дебат жұлдызы – ағымдағы жылдағы турнирларда жетістікке жеткендері үшін спикерлерге берілетін статус.

 

2.  «Гладиатор» ПК мақсаты мен міндеттері

a. АИГИ «Гладиатор» ПК – студенттер арасында комуникативтік дағдыларды, қоғамдық жағдайларға баға беруге, көшбасшылық дағдыларды дамыту және басқа да студенттік қоғамдық ұйымдармен байланыста болу мақсатында құрылған. 

 

b. АИГИ  «Гладиатор» ПК  міндеттері:

I. Студенттердің  креативті ойлауын, шығармашылығын, шешендік шеберлігін дамыту;

II. ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытатын  жағдайлар жасау;

III. басқа оқу орындарымен байланыс орнатып, қонақтық ойындар өткізу арқылы тәжірибе алмасу.

 

3. АИГИ «Гладиаатор» ПК структурасы.

a. ИПК  әкімшіліктен және мүшелерден тұрады

 

I. ИПК әкімшілігінің құрамы: 

1. Президент

2. Қазақ лигасының координаторы

3. Қазақ лигасы координаторының орынбасары

4. Орыс лигасының координаторы

5. Орыс лигасының координаторының орынбасары

6. Ақпараттық қызмет

7. Пиар бөлімі

8. Ақпараттық бюро

 

II. ПК  мүшелері:

1. Жаңадан келгендер

2. Спикерлер

3. Дебат жұлдыздары

4. Төрешілер 

5. Ұстаздар

 

4. АИГИ «Гладиатор» ПК әкімшілігінің міндеттері мен құқұқтары: 

o Президент – Клуб басқарушысы болып саналады. 

 

Президент құқылы:

o ПК жұмысына өзгертулер енгізуге;

o Кезекті және кезектен тыс жиналыстар өткізуге;

o ПК іс-әрекетін университет әкімшілігімен және басқа да студенттік ұйымдармен сәйкестендіруге;

o ПК әкімшілігі мен мүшелерін бекітуге;

o Квоталарды бөлуге;

o Өз орнына мұрагер дайындап қалдыруға;

o Лига координаторларының шығарған шешімімен келіспеуге, соңғы шешімді қабылдауға;

o ПК байланысты басқа да сұрақтарды шешуге.

 

Президент міндетті:

o ПК жоспарларын және мақсаттарын іске асыруға;

o ПК әкімшілігі мен мүшелеріне жауапты болуға;

o Лигалардың жұмысын ұйымдастыруға;

o Лига координаторларынының жұмыс бабындағы кемшіліктерін жоюға.

 

Лига координаторы – президенттің бірінші орынбасары, Президент болмағанда, Президенттің қызметтерін уақытша атқарушы. Лига координаторын ПК мүшелері жабық дауыс беру арқылы, 1 жыл мерзімге, келесі жылы қайта сайлану құқұғымен сайлайды.

 

Лига координаторы құқылы: 

o Өз лигасының жиналыс уақытын белгілеуге;

o Фракциаларға Турнирге шығуға мүмкіндік беруге;

o Лига ішілік кіші турнирлер өткізуге;

o Спикерлерді ойынға қатыстыруға және себептерін нақты көрсетіп, спикерге түсіндірген жағдайда ойыннан алшақтатуға;

o Бейресми шаралар өткізуге;

 

Лига координаторлары міндетті:

o Президенттің берген тапсырмаларын орындау

o Лигадағы тәртіпті қадағалауға;

o Жаңадан келген мүшелерге форматты түсіндіріп үйретуге;

o Мүшелердің кезекті жиналыстарға дер кезінде келуін қадағалауға;

o Кезекті жиналыстарға тақырып таңдауға;

o Кезекті жиналыс өтетін орынға жауапты болуға. 

 

Лига координаторының орынбасары – ПК мүшелерін тіркеу және ПК барлық іс-шараларына қатыса отырып, әкімшілік тарапынан болған ұсыныстар мен нұсқауларға Лига Координаторымен бірге жауапты. Лига Координаторының орынбасарын  Лига мүшелерінің ұсынысымен Лига координаторы 1 жыл мерзімге тағайындайды. Лига координаторының орынбасары өзіне жүктелген қызметтерді атқармаған жағдайда, Лига Координаторының шешімімен орнынан босатылады, уақыты мен мерзіміне байланыссыз.   

Ақпараттық қызмет – өз кезегінде уақытылы және сапалы түрде ПК мүшелерін барлық ақпарат түрлерімен қамтамасыз етуге және басқа ПК-мен, басқа да Студенттік ұйымдармен байланыс орнатуға жауап береді. ПК айлық есептерін өткізуге жауап береді. Ақпараттық қызмет құрамын Лига координаторлары мен Президент уақытша мерзімге тағайындайды.

 

I. АИГИ «Гладиатор» ПК мүшелерінің  құқықтары мен міндеттері: 

o Формат үйренуге құқылы;

o Клуб ішілік турнирлерге қатысуға құқылы;

o Лига орынбасарына ұсыныс жасауға құқылы;

o Қалалық, республикалық турнирлерге Лига координаторының жолдамасымен  қатысуға құқылы;

o Уақытылы жиналысқа келуге міндетті.

o Лига координаторымен берілген тақырыптарға дайындалуға міндетті;

o Басқа да ПК әкімшілігімен жүктелеген жұмыстарды атқаруға міндетті.

 

5. ПК жиналысы

a. ПК жиналысы – ПК басты мәселелерін шешу және әрі қарай дамытуға бағытталған, әр апта сайын пікірсайыс ойындары өткізілетін жиналыс. Оған ПК әкімшілігі мен мүшелері қатысады.

b. Маусымның басында ПК мүшелерінің сабақ кестесіне сай ПК жиналысының кестесі жасалады. Белгілі бір себептерге (мейрам, турнир, демалыс және т.б.) байланысты күні мен уақыты өзгеріп отыруы мүмкін. Лигалар жиналысы 1 айда бір рет өткізеді.  

c. Лига жиналысының өтуіне Лига координаторы, егер Лига координаторы болмаса Лига координаторының орынбасары жауапты.  

d. Кезектен тыс жиналыс ПК Президентінің бастамасымен, Лига Координаторларына алдын ала ескертіліп өтеді.

e. Қажетті жағдайда Лига жиналысы шақырушы жақтың аймағында өтеді. 

f. Клуб әкімшілігінің рұқсатымен Лига жиналысына қонақтар қатыса алады.

 

6. Клубқа мүшелік

I. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты және өзге де жоғары оқу орындарының ниет білдіруші кез - келген студенті әр оқу жылының басындағы ПК ұйымдастыруымен өтетін іріктеуге қатысу арқылы  «Сенатор» ПК  құрамына мүше  бола алады.

II. ПК құрамынан шығу белгілі себептерге байланысты ПК әкімшілігнің шешімімен немесе студенттің өз еркімен жүзеге асады.

 

Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі  бөлім бастығы:  Түгелбаева А.Т  

«Сенатор» пікірсайыс клубының президенті: Мизамов А.Н