«Қыз сұлу көрінеді әдебімен» атты «АИГИ аруы - 2017» арулар байқауы

DSC09417.JPG
DSC09367.JPG
DSC09412.JPG
DSC09381.JPG
DSC09355.JPG

2017 жылдың наурыз айының 3 – жұлдызында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Қыз сұлу көрінеді әдебімен» тақырыбындағы «АИГИ аруы - 2017» арулар байқауы өтті.

Аталған шараның салтанатты ашылуында институттың Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор К.М. Жаулин алғы сөз сөйлеп, институттың белсенді студенттерін Ректор Алғыс хатымен  марапаттады.

Арулар сайысының әділ-қазылар мүшелері ретінде:

 Қадыров Болат Тұяқұлы- әділқазылар алқасының төрағасы, кеңсе тіркеу бөлімінің бас маманы,Ликаров Мұрат Ликарович – Инновациялық технология және лабораториялық зерттеу орталығының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, ҚР Халық мұғалімі, профессор, Асабаева Жаннат Вахитовна - Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, облыс әкімі жанындағы әйелдер, отбасы және гендерлік саясаты комиссиясының мүшесі, Әміржанов Бекболат Жанболатұлы – Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының түлегі, бүгінде Облыстық Жас Отан жастар қанатының белсендісі, Жақсылыққа Жаным Жақын қайырымдылық қорының мүшесі, Ермекова Азиза -   Жастар ресурстық орталығының маманы, Мұхамбетқалиев Бактияр Сұлтанбекұлы – инженерлік-техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, «АИГИ құрамасы» КВН командасының жетекшісі тағайындалды.

«Сәлем – сөздің атасы», «Өнерлі өрге жүзер», «Он саусағынан өнер тамған», «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» атты 4 бөлімнен тұратын байқауда, аруларымыз көпшілік алдында бойына біткен ерекше өнерлерін, ақыл-парасаттарын көрсете білді. Әсіресе, І  бөлімде Тасқалиева Кәмшәт өзінің таныстыруын ерекше көрініспен ұсынса, Сулейменова Зияда өзін тамаша бейнеролик арқылы таныстырып өтті. Келесі «Өнерлі өрге жүзер» бөлімінде аруларымыз Өміржан Гүлмира мен Есенбаева Ақтілек  өз таланттарыменен көрермендер көзайымына айналды, «Он саусағынан өнер тамған» бөлімінде сайыскерлеріміз ісмерлік өнері мен шеберліктерін көрсете білді. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» атты бөлімде қазақ халқының қыз тәрбиесіне қатысты ұлағатты сөздері мен тиымдарына қатысты сұрақтар қойылып, мақал-мәтелдерінің мәнін ашып түсіндіру тапсырмасы берілді. Сайыскерлеріміз бұл бәйгеде ой ұшқырлылығы, саналылық, ақылдылық сынды қасиеттерін көрсете білді.

Байқау соңында, әділ-қазылар сайысқа қатысушы ару қыздарымыздың  ерекшеліктерін айтып, өз ойларын білдірді. Сайыскер аруларымыз мынадай ретте марапатталып, сыйлықтарға ие болды:

Тасқалиева Кәмшәт «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы 3 -курс – «Инабатты ару»

Сулейменова Зияда «Информатика» мамандығы3-курс – «Шебер ару»

Өміржан Гүлмира «Экономика» мамандығы 2-курс – «Өнерлі ару»

Ғинаятова Перизат «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы 1 курс – «Сымбатты ару»

Қанатова Ақбота  «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы 2 курс – «Білімді ару»;

Нәбиева Іңкәр «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы 2 курс – І орын;

Есенбаева Ақтілек  «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы 1 курс – «Бас жүлде» «АИГИ аруы-2017».