Без названия

WhatsApp Image 2017-04-11 at 12.54.48.jpeg
WhatsApp Image 2017-04-11 at 12.54.43.jpeg

2017 жылдың 11-сәуір күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институты акт залында студенттермен кездесуі өтті.

Кездесу мақсаты -  студенттерге «Жастарға қызмет көрсету орталығы», «Жасыл Ел» еңбек жасағының қызметі мен Жастар ресурс орталығының мүмкіндіктері жөнінде ақпарат беру, «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша қоғамдық жұмыстарға араласуды, еңбекпен шұғылдануды насихаттау.

Аталмыш кездесуге Жастар ресурс орталығының ұйымдастыру бөлім маманы Ермекова Азиза Ермекқызы мен «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының Атырау облыстық филиалының маманы Рамазанова Нұрлыгүл келіп қатысты.

Жиын соңы  сұрақ-жауап түріндегі ашық сұхбатқа ұласты.