«Ибалы келін – иманды ұрпақ тәрбиелер»

IMG-20170317-WA0008.jpg
IMG-20170317-WA0011.jpg
IMG-20170317-WA0010.jpg
IMG-20170317-WA0013.jpg

Наурыздың 17 – күні институт акт залында 22– наурыз Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған Атырау инженерлік-гуманитарлық институты және колледж оқытушылары арасында «Ибалы келін – иманды ұрпақ тәрбиелер» атты келіндер сайысы өтті.

 

Сайыстың әділ-қазы мүшелері ретінде:

Колледж директорының ғылым жөніндегі орынбасары - Тулесинова Гулназ Нұралықызы, Оқу бөлімі бастығы - Ильясова Сания Рамазанқызы, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Атырау облысы филиалының төрағасы, белгілі жазушы - Әлімгерейұлы Өтепберген, Кеңсе тіркеу бөлімінің маманы - Қадыров Болат Тұяқұлы, Кадр бөлімінің бастығы - Джумагазиева Сания Төлегенқызы тағайындалды.

Сайыстың «Тегін білу – тектілік», «Өнерлі келін – сүйкімді!», «Ойлы болсаң, озып көр!», «Саусағынан бал тамған келіндер-ай!» деп аталатын айналымдарында сайыскер келіндеріміз өздерінің өнерлерін, ибалылық пен ақыл-парасаттарын көрсете білді.

 

Байқау соңында, әділ-қазы мүшелері сайыс турларында көрсетілген келіндер өнерлерінің ерекшеліктеріне тоқталып, өз ойларын білдірді. Сайыскер келіндеріміз мынадай ретте марапатталып, сыйлықтарға ие болды:

3 номинация: «Өнерлі келін-2017» - Атырау инженерлік-гуманитарлық институты колледжінің оқытушысы Беккулова Әсем Умирзаковна;

2 номинация: «Инабатты келін-2017» - «Математика және жалпы білім беру» кафедрасының оқытушысы Рахметова Индира Алимбековна;

ІІІ  орын - «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Дүйсенова Гулжаннат Меңдігерейқызы;

ІІ орын - Атырау инженерлік - гуманитарлық институты колледжінің оқытушысы Алдабергенова Жадыра Жолдаскалиқызы;

І орын - «Инженерлік техникалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Қадырова Ақмарал Саматқызы;