14 наурыз - Көрісу мейрамы.

DSC09595.JPG
DSC09582.JPG
DSC09593.JPG
DSC09588.JPG
DSC09602.JPG
DSC09609.JPG

14 - наурыз күні, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты акт залында, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Атырау облысы филиалының төрағасы, белгілі жазушы Өтепберген Әлімгерейұлының ұйымдастыруымен,  Қазақстанның батыс өңірі мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы қазақтардың арасында сақталған ежелгі дәстүр – Көрісу салтына байланысты мерекелік шара өтті.

Мақсаты - бір-біріне амандасып, үлкендерге ізет көрсету, ілтипат білдіру, жақсылық тілеп қауышу мерекесі - Көрісу дәстүрін жастар арасында насихаттау.

Шараға Атырау инженерлік-гуманитарлық институты мен колледждің  профессор-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.

Институтың бірінші проректоры, п.ғ.к., М.Х. Мұхтаров мерекелік шараны алғы сөзбен ашып, сөз кезегін Өтепберген Әлімгерейұлына берді.

Өтепберген Әлімгерейұлы өз сөзінде  күллі түркі елдерінің Жыл басы – Наурыз туралы әңгімелеп, осыған байланысты қазақтың ертеден келе жатқан Көрісу салты жөнінен көптеген мәліметтер келтірді.

Сонымен бірге, п.ғ.к., доцент Өтешева Баян Капсалықызы да сөз сөйлеп, қазақ халқының наурызға, көктемге қатысты негізгі ұғымдары жөнінде түсінік берді.

Көрермендер Наурыз мерекесі, көрісу салты, оның түрлері жөнінде бейнеролик тамашалап, шара соңында наурыз көже, бауырсақ және тағы да басқа қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.