«Жаса, жайна Әз-Наурыз!»

IMG-20170324-WA0001.jpg
IMG-20170322-WA0010.jpg

22 – наурыз  күні Атырау инженерлік – гуманитарлық институты Атырау өңірінің ЖОО бірге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткен «Жаса, жайна Әз-Наурыз!» мерекелік шарасына қатысып, наурыз мейрамын тойлады.

Институт ұжымы Жыл басы – Әз Наурыз мерекесіне арнап 16 қанат киіз үй құрып, мереке қонақтарын қазақтың ұлттық тағамдары мен сусындарынан тұратын мәзірлі дастарханмен қарсы алды.

Сонымен бірге мерекелік шараның жүру барысында қазақ халқының «Ерулік», «Көрісу», «Қонақ кәде», «Бесікке салу», «Тұсаукесер» сияқты салт-дәстүрлерінен үзінділер көрсетілді.