«ЖАСТАР ИДЕЯСЫ ЭКСПО-2017»

DSC00181.JPG
DSC00142.JPG
DSC00156.JPG
DSC00159.JPG
DSC00164.JPG
DSC00155.JPG
DSC00153.JPG
DSC00166.JPG
DSC00169.JPG
DSC00176.JPG
DSC00178.JPG
DSC00179.JPG
DSC00184.JPG

2017 жылдың 13-сәуір күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «ЖАСТАР ИДЕЯСЫ ЭКСПО-2017» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік студенттер конференциясы өтті.

Конференцияның ашылу сәтінде институттың Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор К.М.Жаулин сөйлеп, бұл іс-шараның басты мақсаттарына тоқталды.

Аталған студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясының жалпы жүру барысында: пленарлық мәжіліс, секциялық мәжілістер мен қорытынды мәжіліс өтті.  

Секциялық мәжілістер өзара: №1 Гуманитарлық ғылымдар секциясы, №2 Инженерлік-теxникалық ғылымдар секциясы, №3 Ақпараттық теxнология, математика және жалпы жаратылыстану ғылымдары секциялары  болып бөлінді.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісінде  институттың Ғылыми, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор К.М.Жаулин сөз алды. Өз сөзінде профессор Киікбай Мыңбайұлы: «EXPO көрмесі – кең ауқымды дүниежүзілік экономикалық жаhандық ауқымды оқиға дей аламыз. Осыған байланысты біздің институтымызда бүгінгі күні «ЖАСТАР ИДЕЯСЫ ЭКСПО-2017» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік студенттер конференциясы өткелі отыр.  Алдағы жарқын болашақ - жастар сіздердікі, сондықтан сіздердің тың идеяларыңыз бен ойларыңыз, биік мақсаттарыңыз еліміздің өркендеп, қанат жаюы үшін аса қажет деп білемін.», - деп, халқымыздың Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрғандығын атап өтті.

Келесі сөз кезегін «Атырау облысы Жастар саясаты  мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқарма маманы Тілеков Фархат Асанұлы алып, биылғы өткелі отырған ЭКСПО халықаралық көрмесінің ерекшеліктеріне тоқтап өтті.

Сонымен бірге , аталған пленарлық мәжілісте институттың студенттері, нақтылай айтсақ, «Лингво-переводческий аспект подготовки волонтеров на ЭКСПО-2017» тақырыбында «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4-курс студенті Сағымбаева Индира, «Идеи молодежи: информационно-коммуникационные теxнологии в области медицины и здравооxранения» тақырыбында «Қаржы» мамандығының 1-курс студенті Жапарова Жұлдыз  өзінің баяндамасын ұсынса, «Құрылыс» мамандығының 1-курс студенті Мизамов Азамат «ЭКСПО-2017 – елдіктің ерен жеңісі»,  Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының колледжінің, «Құқықтану» мамандығының 1-курс студенті Амантаева Ақтоты «Күн энергетикасы - жасыл энергетика» тақырыптары бойынша шығып сөйледі.

Пленарлық мәжілістен соң, өз жұмыс кестесіне сай әр аудиторияларда: №1 Гуманитарлық ғылымдар секциясы, №2 Инженерлік-теxникалық ғылымдар секциясы, №3 Ақпараттық теxнология, математика және жалпы жаратылыстану ғылымдары секцияларына сәйкес мәжіліс өтіп, студенттердің дайындаған ғылыми баяндамалары тыңдалды.

Секциялық мәжілістерден соң, конференцияның қорытынды бөлімінде ғылыми баяндамалары үздік деп танылған студенттерді Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры  Е.У.Ихсановтың «Алғыс хаты» және «Ректорлық сыйақымен» марапаттау рәсімі өтті.

№1 «Гуманитарлық ғылымдар» секциясы бойынша, Экономика-гуманитарлық факультетінің деканы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Қабылхамитов Ғ.Т.  студенттердің ғылыми зерттеу жүргізуге машықтануына, өткізілген конференцияның маңыздылығы мен мәнін айтып, «Қаржы» мамандығының 2-курс студенті – Бисенғалиев Мирастың «Бәсекеге қабілеттілікті ынталандырушы көрме» тақырыбындағы және «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының  3-курс студенті – Едильбаева Асылдың «CLIL - Content and Language Integrated Learning» тақырыбындағы баяндамаларын Үздік деп бағалап, келесі студенттерді марапаттады:

1. «Қазақстан елінің мәртебесі ЭКСПО-2017», тақырыбындағы баяндамасы үшін, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Колледжі, «Мектепке дейін тәрбие» мамандығының 2-курс студенті – Жолдасова Н.

2. «EXPO-2017 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КАТАЛИЗАТОРЫ РЕТІНДЕ»  тақырыбындағы баяндамасы үшін, «Экономика» мамандығының 4-курс студенті – Ізбасқанова Р.

 

№2 «Инженерлік-теxникалық ғылымдар» секциясы бойынша – «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к., профессор – М.С. Қуанов өткізілген секцияда студенттердің жоғары деңгейдегі дайындығын бағалай келіп, баяндамаларды қорытындылау нәтижесінде  «Стандартизация, метрология және сертификаттау» мамандығының 3-курс студенті – Подобина Аннаның «Роль стандартизации в развитии экономики Казаxстана» тақырыбындағы баяндамасы үздік деп танылғандығын мәлімдеп, келесі студенттерді марапаттады:

1. «Роль стандартизации в развитии экономики Казаxстана» тақырыбындағы баяндамасы үшін «Стандартизация, метрология және сертификаттау» мамандығының 3-курс студенті – Подобина А.;

2. «ЖЫЛУ ХИМИЯСЫ ЗАҢЫН ОРЫНДЫ ҚОЛДАНУ ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКА МӘСЕЛЕСІН ТҮСІНУДЕ ШЕШУШІ РОЛІ » тақырыбындағы баяндамасы үшін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистрі Темиргалиев Р.;

  №3 «Ақпараттық теxнология, математика және жалпы жаратылыстану ғылымдары»  секциясы бойынша,  «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., профессор Елеусинова А.Е. сөз сөйлеп, баяндамалардың жан-жақты қамтылғандығына, студенттердің белсенділігі мен жауапкершілігінің жоғары деңгейлігіне тоқталып, «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 1-курс студенті А.Е. Бақтығалидың  «Математика - ғылымдар бастауы» тақырыбындағы баяндамасы үздік деп танылып, келесі студенттер алғыс хатпен марапатталды:

1. «ТРЕХМЕРНОЕ ИЗОБРАЖЕНИЕ 3D НА ПЛОСКОСТИ» тақырыбындағы баяндамасы үшін «Информатика» мамандығының 1-курс студенті - Авдеев К.;

2. «ЛАЗЕРЛЕРДІҢ МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ» тақырыбындағы баяндамасы үшін, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 1-курс студенті - Досмагамбетова А.;

Конференцияны қорытынды сөзімен, институттың Ғылыми, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор К.М.Жаулин аяқтады.