«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады

2017 жылдың 1 сәуірінен бастап «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті 2017 жылы бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнын бітірген түлектерді «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады.

Жиырма талантты түлек 20 ай бойы «Самұрық -Қазына» АҚ тобының бірнеше қоржындық компаниясында тағылымдамадан өтеді. Сізді қызмет жолын тамаша бастау мүмкіндігі – «Самұрық -Қазына» АҚ корпоративтік университетінде оқу және еліміздің ірі индустриялық кәсіпорындарында жұмыс істеу мүмкіндігі күтіп тұр.

Жас мамандарға арналған бағдарлама сәтті өткен жағдайда, «Самұрық -Қазына» АҚ компаниялар тобында жұміс істеу және ары қарай жетілу жоспары жасалады. Бағдарлама аяқталған соң, дарынды тағылымгерлер Қазақстанның ұлттық компанияларына жұмысқа орналастырылады.

Бағдарлама миссиясы – Қазақстанның дарынды жастарын жетілдіру.

Бағдарлама ұйымдастырушысы — «Самұрық -Қазына» АҚ, Бағдарлама мен байқауға ұйымдастырушылық-қаржылық қолдау көрсетеді.

Бағдарламаның  атқарушы органы — «Самұрық -Қазына» корпоративтік университеті», ұйымдастыру шараларының орындалуын және байқаудың өткізілуін қамтамасыз етеді.

 

Бағдарлама қатысушыларына қойылатын міндетті талаптар:

- Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек

- 2017 жылғы бакалавр немесе магистр түлегі болуы керек

 

Байқауға қатысу өтініші 2017 жылғы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін байқаудың ресми сайтында – www.skcu.kz/zhasorken – онлайн тіркелу арқылы беріледі.

2017 жылғы 1 шілдеден кейін алынған байқау өтініштерін байқау комиссиясы қарастырмайды. Байқау өтінішінің тіркелгені үміткер байқау өтінішінде көрсеткен пошта (электронды) мекенжайына жіберілген, өтініштің тіркелгені туралы хабарлама арқылы расталады.