ҰЛТ БІРЛІГІ - ҰЛЫ БАЙЛЫҚ

DSC00357.JPG
DSC00353.JPG
DSC00392.JPG
DSC00366.JPG

29 - сәуір күні, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты акт залында, 1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған «ҰЛТ БІРЛІГІ - ҰЛЫ БАЙЛЫҚ» тақырыбындағы музыкалық бағдарламалы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел қонағы ретінде шарамызға Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері: Дағыстан этномәдени орталығының төрағасы, Алишаев Мұса Абакарұлы және институтымыздың Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, Облыс әкімі жанындағы әйелдер, отбасы және гендерлік саясаты комиссиясының мүшесі, Асабаева Жаннат Вахитовна қатысты.

Шараның ашылуында институттың Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Жаулин К.М. алғы сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелдің жүру барысында қонақтар мен студенттер арасында еркін форматта сұхбат жүріп, шара концерттік бағдарламаға жалғасты.