Ерлер - жердің қорғаны, ел тұтқасы

5 мамыр күні  Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының акт залында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне байланысты «Ерлер - жердің қорғаны, ел тұтқасы» тақырыбындағы шара өткізілді.

Шараның салтанатты ашылуында Инженерлік-техникалық факультет деканы, п.ғ.к. Ғаббасов Сұлтанбек Қапасұлы және Экономикалық-гуманитарлық факультет деканы, ф-м.ғ.к., профессор Қабылхамитов Ғалымжан Тоғайбайұлы алғы сөз сөйледі.

Сонымен бірге, мерекелік шараға институт студенттері мен оқытушыларының бірігуімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылған болатын.  Концерттік бағдарламада рухты патриоттық әндер шырқалып, күй күмбірлеп, мың бұралған бишілер өз  өнерлерін ортаға салды.

Шара соңында «Жеңіс күні» әні шырқалды.