АИГИ-да 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты мынадай іс шаралар өткізілді
Іс-шара атауы |
Өткізілген күні |
Жүру барысы |
Семинар «XX ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық». |
30.05. 2017ж. |
Семинарға 15 студент белсенді қатынасып, Атаулы шараның жүру барысында 5 студенттің баяндамасы тыңдалды. Тақырып төңірегінде түйінді мәселелерге тоқталып, студенттер арасында талқыланды. |
Дөңгелек үстел «1937-1938 жылдары саяси қуғын сүргіннің құрбандары». |
30 05. 2017 ж. |
Дөңгелек үстелде ХХ ғасырдың 30-шы жылдары қазақ елінде орын алған саяси қуғын-сүргіннің себептері мен салдары қарастырылды. Шараға студенттер, институттың профессор-оқытушыларын қосқанда жалпы 50 адам қатысты. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - жазықсыз жапа шеккен ұлт жанашырларын еске алып, жастарды патриоттыққа баулу, айтулы азаматтардың істерін, тарихын таныстырып қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ көшбасшыларын еске алу болып табылды. |
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою. |
31.05.2017ж. |
Институт студенттері саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Жеңіс» саябағында орналасқан мемориалға шоқтарын қою рәсіміне қатысты. |