Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдерімен кездесу өтті

2017 жылдың 23 мамырында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Атырау инженерлік-гуманитарлық институты және колледжі оқытушылары мен студенттері қатысты.

Жиын барысында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, оған қатысу шарттары түсіндірілді, бағдарламаның артықшылықтары айтылды.  

Кездесу соңында  қатысушылар өз сұрақтарына жауап алды.