Атырау Облысы прокуратура бөлімінің аға прокуроры және «Шапағат» қоғамдық бірлестігінің теолог маманымен кездесу

2017 жылдың 23 мамырында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттері мен оқытушылары Атырау Облысы прокуратура бөлімінің аға прокуроры Бақытов Ерлан және «Шапағат» қоғамдық бірлестігінің теолог маманы Убаев Болатбек Тұрғанбекұлымен кездесті.

Кездесу барысында студенттермен деструктивті теріс діни ағымдардан сақтану мәселелері, қазіргі қоғам дерті, жастарымыздың дін мәселелері бойынша сауатсыздығы салдарынан теріс діни ағымдарға еріп кету фактілерінің көбейгендігі бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп, деректер келтірілді.

Жиын соңында Болатбек Тұрғанбекұлы осындай теріс ағымды діни топтардан сақтануға, интернет желісі бойынша таратылатын күдікті ақпараттар легіне берілмеуге кеңес берді.