Қазақстан Республикасының рәміздері – Біздің мақтанышымыз!

22 мамыр күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының рәміздері – Біздің мақтанышымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты – студенттерге отаншылдық рух дарыту, еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге тәрбиелеу.

Дөңгелек үстел модераторы ретінде аға оқытушы, магистр Бозахаева Гулфайруз Кенжеғалиқызы алғы сөз алып, «Патриоттық тәрбие - берік болашақтың кепілі» тақырыбында баяндама ұсынды.

Сонымен бірге, іс-шара барысында дөңгелек үстелдің тақырыбына сәйкес студенттер өздерінің  жеке көзқарастарымен бөлісіп,  баяндамаларын ортаға салды:

Сисембаев М. «Мұнай-газ ісі» мамандығы, 1-курс – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні»;

Қаберов Н. «Құрылыс» мамандығы, 1- курс – «Мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні»;

Бақытова А. «Информатика» мамандығы, 2-курс - «ҚР Рәміздері»;

Досмағамбетова А. «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы, 1-курс – «Мемлекеттік рәміздер тарихы»;

Мизамов А. «Құрылыс» мамандығы, 1-курс – «Елтаңба – елдігіміздің айшығы».