7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

4 мамыр күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институты 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне байланысты  мерекелік шара ұйымдастырды.

Атаулы мерекелік шарада ұжымды алдағы келе жатқан 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен институттың Бірінші проректоры, п.ғ.к., профессор Мұхтаров Мұстахим Харенұлы және Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректор, с.ғ.д., профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы құттықтады.

Сонымен бірге, мереке қарсаңында институтымыздың профессор-оқытушылары мен кәсіби–біліктілігі жоғары мамандары институт Ректорының Дипломымен марапатталды.

Шара соңы тамаша концерттік бағдарламамен аяқталды.