Атырау инженерлік-гуманитарлық институты «English for Success» атты жобасына қатысты

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты «English for Success» («Жетістікке жету үшін арналған ағылшын тілі») атты жобасына қатысты

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Британдық елшілік жанындағы Британ кеңесімен ортақтасып, «Теңізшевройл» АҚ қаржылық қолдауымен, 15-25 мамыр арасында ұйымдастырған «English for Success» («Жетістікке жету үшін арналған ағылшын тілі») атты жобасына қатысты.

Осы жобаға сәйкес 19 мамыр күні «Шет тілдер» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Карабалина С.Х. Базалық шет тілі пәнінен «Shop» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабаққа шетелдік эксперт-кеңесші доктор Марк Виндейл қатысып, оның  соңында өзінің сабаққа қатысты оң пікірін білдіріп, студенттермен пікір алмасып, сұхбаттасты.

Сонымен бірге институт бойынша «Инженерлеу», «Программалау», «Радиотехника» бойынша STEM өткізілді.