АИГИ оқытушылары 4-5 қыркүйек аралығында өткен өңірлік семинарға қатысты

003.jpg
006.jpg
005.jpg
017.jpg
009.jpg
011.jpg
013.jpg
WhatsApp Image 2017-09-06 at 15.49.52.jpeg

2017 жылдың 4-5 қыркүйек аралығында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының оқытушылары Атырау мұнай және газ университетінің мәжіліс - залында өткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы: қызметінің тұжырымдамалық негіздері, жұмыс мазмұны мен ЖОО қызмет атқару тетіктері, сыртқы ұйымдармен өзара әрекеттестік» тақырыбындағы өңірлік семинарға қатысты.

Семинар Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ–нің ұйымдастыруымен өткізілді.

Аталған семинарды өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісуге Солтүстік Қазақстан облысының М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, доцент Людмила Гривенная арнайы келді.

2 күнге жалғасқан семинардың аяқталу барысында қатысушыларға сертификаттар табысталды.