«Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі» және «2018-2020 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары» тақырыбындағы семинар-кеңес өтті

DSC01997.JPG
DSC01994.JPG
DSC02009.JPG
DSC02010.JPG
DSC02003.JPG
DSC02013.JPG

2017 жылдың 14-қыркүйек күні институт мәжіліс залында өткен «Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі» және «2018-2020 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары» тақырыбындағы семинар-кеңесте институт студенттері  мен профессор-оқытушылар құрамы ҚР  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Жәнібек Жұмабайұлы Қаражанов және Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Қайненова Шолпан Айдынғалиқызымен кездесті.

Семинар-кеңестің модераторы  институтымыздың бірінші проректоры, п.ғ.к., профессор Мұхтаров Мұстахим Харенұлы кіріспе сөз сөйлеп, қонақтарға сөз кезегін жолдады.

Жиын жүру барысында Шолпан Айдынғалиқызы  студенттерге мемлекеттік қызметке тұрудың жолдары мен мемлекеттік қызметкерге қойылатын талаптар жөнінде кеңінен түсінік берді.  Сонымен қатар, қазіргі  уақыттағы мемлекеттік қызметкерлерді аттестациядан өткізу процедуралары жөнінде, басқарма сайтындағы аттестация дайындығына арналған онлайн тест үлгілері  жөнінде баяндап, жас мамандар мен түлектер алдындағы  зор мүмкіндіктер бар екенін еске салды.

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Жәнібек Жұмабайұлы өз сөзін студенттерге жаңа оқу жылында табыстар мен сәттілік тілеуден бастады. Одан әрі студенттер назарын қазіргі қоғамда белең алып отырған «сыбайлас жемқорлық» мәселесіне аударды, оның алдын алу және одан қорғану шаралары жөнінде түсінік берді.  Сөз соңында мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңсыз әрекеттері мен оған қолданылатын ҚР заңдарында белгіленген жауапкершілік туралы бейнебаян көрсетілді.

Кездесу соңында мамандар студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.