«Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филалының төрағасы Ринат Ғилажевпен кездесу

25-қыркүйек күні Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының студенттері «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар
қанаты Атырау облыстық филалының төрағасы Ринат Ғилажевпен кездесті.

Кездесу еркін форматта өтті. Оған институттың 150 –ден астам студенті қатысып, партия төрағасы студенттерге мемлекеттік бағдарламаларға қатысты мәліметтермен таныстырды.

Жиын барысында студенттерге жастарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы айтылды.