Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі

WhatsApp Image 2017-09-04 at 14.09.04.jpeg
WhatsApp Image 2017-09-04 at 14.09.03.jpeg
WhatsApp Image 2017-09-04 at 14.08.32.jpeg

2017 жылдың 2-қыркүйегінде  Атырау инженерлік-гуманитарлық институты Білім күніне байланысты «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» тақырыбындағы салтанатты жиын өткізді.

Салтанатты жиынның басы  ҚР мемлекеттік Әнұранымен ашылып, институт ректоры, ф-м.ғ.д., профессор Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы алғы сөз сөйледі. Институт басшысы студенттерге жаңа оқу жылында шығармашылық табыстар тілеп, өзінің  игі тілектерін білдірді.

Сонымен қатар,  институттың «Инновациялық технология және лабораториялық зерттеу» орталығының директоры, т.ғ.к., профессор Ликаров Мұрат Ликарұлы, «Мұнай-газ» мамандығының ІІ курс студенті, Студенттік өзін-өзі басқару құрылымының жетекшісі, институт белсендісі Сисембаев Мухаммед құттықтау сөз сөйледі.

Жиыннан соң студенттер Конституция және Білім күніне арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы дәріске қатысты.