«Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына - 100 жыл

DSC03029.JPG
DSC03021.JPG
DSC03020.JPG
DSC03024.JPG
DSC03026.JPG
DSC03034.JPG
DSC03036.JPG
DSC03032.JPG
DSC03038.JPG

2017 жылдың 3 қарашасында Атырау инженерлік-гуманитарлық институт мәжіліс залында «Алаш орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына байланысты ғылыми семинар өтті.

Мақсаты – «Алаш Орда» үкіметінің құрылуы, Алаш қозғалысының қайраткерлері, «Алаш» ұғымының шығу төркінін зерделеп, тарихи деректерді саралау, талдау.

Ғылыми семинарға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары : т.ғ.д., профессор А.С.Сарсенов және т.ғ.д., профессор Л.Б.Бердыгужин келді.

Семинардың ашылуында модератор ретінде институттың Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор К. М. Жаулин алғы сөз сөйлеп, ғылыми семинар қонақтарын таныстырды.

К.М. Жаулин өз сөзінде биылғы жылдың 12 сәуіріндегі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына тоқтала кетіп, ондағы көрсетілген бағдарламаларға сәйкес қоғамда орын алып жатқан саяси-қоғамдық шаралар жөнінде сөз қозғады, сонымен бірге, Алаш Орда үкіметінің негізін салушы Ә.Бөкейхановтың өмірдерегіне тоқталып өтті.

Келесі сөз кезегі баяндамашыларға ұсынылып, семинар жүру барысы мынадай ретте өтті:

  1. Сарсенов А.С. т.ғ.д., профессор – «Алаш партиясының құрылуы»;
  2. Бердыгужин Л.Б., т.ғ.д., профессор – «Алаш Ордасының тарихнамасы»;
  3. Алимгереев Ө.А., жазушы, өлкетанушы, облыстық Қазақстан халық Ассамблеясының мүшесі, профессор, Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының Атырау облыстық филиалының төрағасы – «Алаш қайраткері - Уалитхан Танашев»;
  4. Бозахаева Г.К., т.ғ.м. – «Ә.Бөкейханұлы – Алаш партиясының көшбасшысы»;
  5. Нұртілеуова Ж.А., п.ғ.м. – «Алаш қозғалысының негізін салушылар»
  6. Сүйіндікова А. «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 1-курс студенті – «Алаш партиясының ұлт зиялылары»
  7. Қадыров Б. «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 1-курс студенті – «Алаш партиясының Қазақ газеті».

 

Семинар қорытындысын с.ғ.д., профессор К. М. Жаулин қорытындылап, семинарға қатысушыларға өз алғысын білдірді.