Бүкіләлемдік Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына (ЖИТС) қарсы күрес Кампаниясы

WhatsApp Image 2017-11-10 at 11.33.34.jpeg
WhatsApp Image 2017-11-10 at 11.33.35.jpeg
WhatsApp Image 2017-11-10 at 11.33.37.jpeg
WhatsApp Image 2017-11-10 at 11.33.36(1).jpeg
WhatsApp Image 2017-11-10 at 11.33.38.jpeg

8 қарашада, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты, КММҚ Атырау облыстық «ЖИТС қарсы күрес және оның алдын алу жөніндегі орталығымен» біріге ұйымдастырылған «Бүкіләлемдік Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына (ЖИТС) қарсы күрес Кампаниясы» тақырыбында студенттер арасында семинар өткізді.

Мақсаты –  жастар арасындағы ЖИТС–тің алдын алу, ЖИТС (Жұқтырылған иммундық тапшылық синдромы) туралы студенттерге толық ақпарат ұсынып, түсінік беру. Дерттен сақтанудың жолдарын көрсету.

Институт медбикесі В.П. Горбунова ең алдымен семинарды ашық деп жариялап, студенттерге қонақтарды таныстырып өтті. Сонымен бірге 2017 жылдың 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында ЖИТС–ке қарсы күрес акциясы өтетіндігін, осы айлық акция ішінде кез келген студент өз қалауы бойынша медбикеге келіп ЖИТС–ті анықтайтын жедел тесттен өте алатындығын хабарлады. 

Семинар жүру барысында, студенттер назарына ЖИТС жөніндегі бейнероликтер көрсетіліп, ЖИТС және Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар (ЖЖЖИ) туралы ақпаратты брошюралар таратылды.

Одан әрі «ЖИТС орталығының» дәрігер-эпидимиологтары сөз алып,  студенттерге ЖИТС–тің сипаты, берілу жолдары, сақтану шаралары жөнінде баяндады. Сонымен қатар қазіргі уақытта Атыраудың өзінде ЖИТС–тің 149 жағдайы тіркелгендігін негізге ала отырып, бұл дертке келгенде бейқамдыққа салынбай, әр адам өз болашағы үшін денсаулығына аса мән беруі қажет екендігін айтып өтті. Әсіресе, студенттерді кездейсоқ жыныстық қатынасқа түсуден сақтандырды.

Студенттерге өз денсаулықтары мен болашақтарына деген жауапкершіліктің қарапайым гигиеналық сақтық шараларының үнемі орындалуынан басталатынын түсіндірді. Гүлнұр Жақсыбекқызы ЖИТС–тен сақтануға жеңіл қарауға мүлдем болмайтындығын айтып, қазіргі медицинада бұл дертті жеңетін әзірге ешқандай  ем-шара, дәрі-дәрмек табылмай отырғандығына ерекше тоқталып, студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, сөзін аяқтады.

Семинар соңында мамандар студенттер сұрағына жауап беріп, сонымен бірге шараны ұйымдастырушы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтына, студенттерге және институт медбикесі В.П.Горбуноваға алғыстарын білдірді.