АИГИ студенттері Ұстаздар күніне мерекелік концерт өткізді

5 қазан күні АИГИ студенттері Ұстаздар күніне орай мерекелік концерт өткізді.

Шараның салтанатты ашылуында институттың  Бірінші проректоры Мұхтаров Мұстахим Харенұлы алғы сөз сөйледі. Өз сөзінде Бірінші проректор ұжымды мерекемен құттықтап, студенттерге алғысын білдірді.

Мерекелік шарада студенттер оқытушылар қауымына өздерінің игі тілектерін білдірді. Ұстаздарға арнап ән шырқап, би билеп, күй күмбірлетіп концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сонымен қатар АИГИ жастары жайдарман тобы өз әзіл-ойындарымен көрермендер мен оқытушыларды шаттыққа бөледі.

Атаулы мерекелік шара соңы «Бір үйдің баласындай» атты әнімен аяқталды.