Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік!

DSC02499.jpg
DSC02519.jpg
DSC02508.jpg
DSC02512.jpg
DSC02528.jpg
DSC02510.jpg
DSC02522.jpg
DSC02534.jpg

2017 жылдың 4-қазан күні  институт акт залында Ұстаздар күніне орай мерекелік шара өтті.

Салтанатты шараның басында Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының ректоры, ф-м. ғ. д., профессор Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы институттың профессор-оқытушыларына арнап құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен бірге, бірқатар оқытушылар, ұстаздар күні мерекесіне орай, партияның түрлі деңгейдегі іс-шараларына нақты қолдау көрсетіп, білімді жастарды дайындау бағытындағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларын жүзеге асырудағы белсенді еңбегі үшін «Нұр Отан» партиясының,  білім беру саласына сіңірген жемісті еңбегі мен ғылыми жұмыстағы табыстары үшін Атырау инженерлік-гуманитарлық институты Ректорының, Кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Атаулы меркелік шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.