Мәңгілік Ел – Қазақ елінің ұлттық идеясы

DSC031546.jpg
DSC03867.jpg
DSC03855.jpg
DSC03861.jpg

2017 жылдың 29 қарашасында «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел – Қазақ елінің ұлттық идеясы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жастар арасында насихаттау, дәріптеу.

Дөңгелек үстелдің ашылуында «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Дуйсенова Гүлжанат Меңдігерейқызы алғы сөз сөйлеп, келесі сөз кезегін баяндамашыларға ұсынды.

Дөңгелек үстелдің жүру барысы мынадай ретте өтті:

  1. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары мен мәні». 5В060200-Информатика мамандығының 3-курс студенті Бағытова Айару.
  2. «Мәңгілік ел – болашаққа бастар жол». 5В070200-Автоматтандыру және басқару мамандығының 2-курс студенті Бақтығали Амандық.
  3. «Рухани жаңғыру - өскелең ұрпақтың дара жолы» 5В070200-Автоматтандыру және басқару мамандығының 4-курс студенті Жаңбырбаев Айбат.
  4. «Мәңгілік ел – біздің ұлы және лайықты Қазақстан» 5В070200-Автоматтандыру және басқару мамандығының 2-курс студенті Утегенов Алтынбек.

 

Дөңгелек үстелді «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Нуржанова Шарбат Сағидоллақызы қорытындылады.