Студенттер күні

DSC03477.jpg
DSC03519.jpg
DSC03489.jpg
DSC03539.jpg
DSC03503.jpg
DSC03545.jpg
DSC03562.jpg
DSC03584.jpg
DSC03546.jpg

2017 жылдың 17-қарашасында Атырау инженерлік – гуманитарлық институты, «Студенттер күнін» атап өтті.

Студенттер күніне орай, институт белсенді жастары салтанатты жиын мен ойын-сауық кешінен тұратын мерекелік шаралар ұйымдастырды.

Шараның салттанатты ашылу сәті институт ректоры, ф.-м.ғ.д., профессор Е.У. Ихсановтың құттықтау сөзімен басталды. Ерсайын Уалитханұлы студенттерді мерекесімен құттықтай отырып, білім алуға, ізденуге, қоғамда өз орнын табуға  шақырды. І курс студентеріне ректор қолынан символдық «білім кілті» табысталды. Сонымен бірге, атаулы шарада «Экономика» мамандығының 4-курс студенті Утегенова Айжанға өте жақсы оқу үлгеріміне байланысты Ректор гранты берілді.

Мерекелік шараның студенттер қатарына қосу рәсіміне арналған, салтанатты жиынның бірінші бөлімінің ашылуында институттың Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, студенттерді мереке күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында биік жетістіктер мен үлкен табыстар тіледі, институттың қоғамдық өмірінде белсенді және оқуда үлгілі студенттері Ректор алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар мерекелік шарада институттың, Экономикалық-гуманитарлық факультет деканы, ф.-м.ғ.к., профессор Ғ.Т. Қабылхамитов, Инженерлік-техникалық факультет деканы, п.ғ.к., С.Қ. Қасенов сөйлеп, студенттерге өздерінің игі тілектерін білдіріп, І курс студенттеріне, сынақ кітапшалары мен студенттік билеттерді салтанатты түрде табыстады.

Шара соңы, мерекелік концертке ұласты.