Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бірыңғай сағаты

DSC03842.jpg
DSC03843.jpg
DSC03846.jpg

29 қараша күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институты студенттерінің арасында сағат 1000-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бірыңғай сағаты» іс шарасын өткізді.

Мақсаты – 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары көлемінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған ортақ саясатты насихаттау, сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелерін талқылау.

Атаулы іс-шара барысында  студенттерге департаменттің бас маманы Аманиязова Айдана Талғатқызы дәріс оқыды.

Дәріс барысында Айдана Талғатқызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамаларына, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына, оның негізгі мақсаттарына,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру мәселелеріне шолу жасады.

Сонымен бірге, ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» туралы мәліметтер  берді.

Атаулы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бірыңғай сағаты» іс-шарасына байланысты дәріс институттың 11 аудиториясында жүргізіліп, оған 511 студент және 36 оқытушы қатысты.