АИГИ студенттері ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған ІҮ республикалық пікірсайыс турниріне қатысты

2017 жылдың 24-26 қараша аралығында Атырау инженерлік - гуманитарлық институтының «Құрылыс» мамандығының  2-курс студенті Мизамов Азамат және «Мұнай-газ ісі» мамандығының 4-курс студенті Сыдық Тілектес ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында өткен ІҮ республикалық пікірсайыс турниріне қатысты.

Пікірсайыс «Ақиқат» пікірталас орталығы жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен, американдық парламенттік форматта, Орал қаласының М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өтті.