АИГИ студенттеріне «НұрОтан» партиялық билеттері табысталды

Елбасы Н.Ә. Назарбаев жетекшілік ететін «НұрОтан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған биіктігімен бағалы болып отырғандығы белгілі.

Нұротандықтар, Елбасының стратегиялық жоспарын іске асыруда оның сенімді тірегі болып табылады.  Биылғы жылы АИГИ институтының студенттерінің бірқатары «Нұр Отан» партиясының мүшелерінің қатарына қосылған болатын.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні АИГИ студенттеріне «НұрОтан» партиялық билеттері салтанатты түрде табысталды.

Партиялық билет табыстау рәсімін «Арай» бастауыш партиясының хатшысы Меңдіғалиева Гүлжүзім Хамитқызы мен институттың Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы өткізді.