Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік

DSC04103.jpg
DSC04115.jpg
DSC04105.jpg
DSC04106.jpg
DSC04117.jpg
DSC04107.jpg
DSC04144.jpg
DSC04125.jpg
DSC04128.jpg
DSC04134.jpg
DSC04137.jpg
DSC04133.jpg
DSC04142.jpg
DSC04120.jpg
DSC04122.jpg
DSC04146.jpg
DSC04148.jpg

2017 жылдың 14 желтоқсанында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік жиын өтті.

Жиын ҚР Әнұранымен салтанатты түрде ашылып, институт ректоры ф.-м.ғ.д., профессор Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы құттықтау сөз сөйледі.

Институт басшысының құттықтау сөзінен кейін, мерекелік шараның келесі кезегінде жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісіндегі жетістіктері үшін институттың профессорлар құрамы мен оқытушыларын Білім Министрінің Алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті.

Сондай-ақ, «Бейбітішілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН» медалімен «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Байжасарова Калима Кабидетовна марапатталды.

Сонымен бірге атаулы шарада институт ұжымына  Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы мерекелік құттықтау сөз арнады.

Салтанатты марапаттау рәсімі одан әрі мерекелік концертке ұласты.